75
Ересек жануарлардың парадоксальды ұйқысы (барлық ұйқыдан пайызбен
өлшегенде): иттерде 10-15, шошқаларда 8-9, күйіс қайыратын маладрда Ъ-А
созқылады. Жас малдардың парадоксальды ұйқысы ұзағырақ болады. Мысалға,
сегіз күндік қозылардың ұйқысы 16% құраса, он екі күндік қозыларда бір күндік
ұйқының 3,7% ғана бөлігін құрайды.
Гипноз.Ұйқының тәжірибе жүзінде зерттеу И.П Павловқа гипноз
құбылыстарына физиологиялық анықтама беруге мүмкіндік берді. Гипнотикалық
жағдайда үлкен ми сыңарларының көптеген бөлігі тұйықталған жағдайда болады
және гипноздаушыдан шығатын тітіркендіргіштер (сөздер,дене қимылдары)
қабыршақтың белгілі бір аумақтарында ғана қатты қоздыруды тудырады. Өзара
әсерлескен индукция барысында тұйықталған бөлімдері мұндау қоздыруды одан
әрі күшейтеді және теріс индукция нәтижесінде қоздыру ошағы қабыршақтың
басқа бөлімдерінде тежелуді күшейтеді.
Осылайша, гипноз ішінара ұйқы болып табылады, яғни үлкен ми
сыңаралрының белгілі бір аумақтары сергек күйде ал қалғаны терең ұйқыда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: