7
В.Великжанин (1983) бірінші дәреженің 5 типін ажыратуды ұсынады:
азықтық,
бейімделгіш,
қозғалыс,
популяциялық
және
репродуктивті.
И.П.Павловтың рефлекстердің классификациясына негізделе отырып және
зоотехника ғылымында қалыптасқан дәстүрлерді
ескере отырып, үй
жануарларының мінезқылқының жүйесін Б.П. Мохов (1991) 6 типке бөлді:
- гомеостатикалық (азықтық, ыңғайлық, экскреторлы);
- репродуктивті (жыныстық, аналық,есте сақтау);
- топтық (иерархиялық, ойындық, табындық, еліктегіш және т.б.);
- қорғаныс (агрессивті, байқаушы, жасырын және т.б.);
- зерттеулік;
- себепті.
Этология ғылымын зерттеушілердің бірі Роберт Кайндтің ойынша,
жануарлардың мінезқылқы жүйелерінің классификациясы шектеусіз. Бірақ,
барлық ұсынылған классификацияларды тәжірибеде және зерттеулік жұмыстарда
қолдануға болатынын ескеру қажет. Мал шаруашылығында азықтық, топтық және
репродуктивті мінезқылықты зерттеу негізгі орында болғаны жөн.
Этологияның қолданбалы мағынасы мінезқылықтың ең қолайлы шарттарын
анықтау, жануарларды қолданудың жүйелерін
жобалау мен жағымды
мінезқұлықтың құрылу әдістерін қолдану болып табылады.
Мінезқылықтың жағымды жақтары өндірістің экономикалық тиімділігін
арттырумен қатар ағза мен қоршаған ортаның ара қатынасын үйлестіріп. Бұл
жерде
тұқым қуалаушылықтың өзгеруі, онтогенез,
қоршаған орта жағдайы мен
ағзаның физиологиялық жағдайының негізінде мінезқылықтың реттелуі жайлы
сұрақ туындайды. Мінезқылықтың өзгеруінің себептерін оқып білмей этологияда
тәжірибе жүргізуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: