Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет34/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

Мінезқылықтың формалары 
Мінезқұлық жануардың жеке басымен айқындалатын кез келген 
белсенділіктің түрін сипаттайды. Мінезқылықты сипаттау мақсатында Л.В. 
Крушинский (1960) екі түсінік ұсынған: «унитарлы реакция» және 
«мінезқұлықтыңбиологиялық формасы». Унитарлы реакция – мінез – ара 
қатынасы кейбір вариацияларды тудыратын шартты және шартсыз рефлекстердің 
қосылуы (интеграциясы) нәтижесінде қалыптасатын құлықтың бүтін акті. Бұл акт 
түріәр түрлі жағдайларда нақты қалпы бар жалғыз тағайындалған іс – әрекеттің 
орындалуына бағытталған . Унитарлы реакция мінезқұлықтыңэлементарлы бөлігі 
болыр табылады. Жоғарыда айтвлған мінезқұлықтыңинтеграциясының негізінде 
жануарлардың «мінезқылқының биологиялық формалары» қалыптасады. Мұндай 
көпактілі мінезқылықтар ағзаның негізгі биологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз 


89 
етеді. Мысалы, иттерге суды немесе сұйық азықты тұрып, құйрығын түсіріп 
қойып жалап ішу тән. Қатты азықтарды ол тістейді және шайнайды және бұл 
жерде оған жатып тамақтану тән, алдыңғы аяқтарымен азықты ұстап, тістерімен 
оларды кішкене бөліктерге бөледі. Мінезқылықтың 
түрлерін 
бейімделген 
эффектілер бойынша классификациялайды. Жыныстық, ата-аналық, азықтық, 
қорғаныштық, зерттеулік, басымдылық және т.б. Мінезқылықтүрін ажыратады. 
Эволюцияның әр түрлі этаптарында мынадай туа біткен бейімделушілік 
реакцияларын байқауға болады: таксистер, рефлекстер және инстинкттер. Жүре 
пайда болған формаларына үйрену мен ойлау жатады. 
Таксистер – қарапайымдылар мен көпжасушалылардың ағза мен сыртқы 
ортамен ара қатынасын анықтайтын мінезқылықтыңқарапайым формалары.
Эволюцияның келесі сатыларында таксистердің рөлі төмендейді және олар 
бейімделудің жетілген механизмдерімен алмастырылады. Таксистер өздерімен
қоршаған ортаның кейбір факторларына деген ориентациясын көрсетеді. 
Қарапайым жағдайларда таксистер ағзаның бейімделуі стимулға деген қарапайым 
туа біткен жауабы болатын ориентация немесе іс – қимыл болып табылады. Басқа 
жағдайларда таксис тек күрделі мінезқұлықтыңэлементі ғана бола алады. 
Рефлексте мінезқылықтың бейімделгіштігінің бір түрі болып табылады. Бұл 
жерде ол жануарлар әлеміндегі бейімделудің негізгі түрлерінің бірі ретінде 
шартсыз рефлекторлы реакция болып қарастырылады.
Инстинкт – туа біткен мінезқұлықтыңжоғарғы сатыдағы формасы. Бұл 
белгілі бір әсерлерге жауап қайтаратын тұқым қуалайтын реакциялардың 
комплексі болып табылады. Инстинктивті мінезқылық және басқа да формалары 
секілді, белгілі бір бейімделушілік бағыты болады – тиісті жануардың түріне сай 
сақтау мен дамыту мақсатында керекті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған.
Жоғарғы сатыдағы жануарлардың мінезқылқында туа біткен элементтерін байқау 
және мінезқылыққа үйретудің әсер еткенін байқау қиынға соғады. Мысалы, 


90 
мысықтарда тышқандарды аулау инстинктивті реакция болып табылады, бірақ 
көбінесе мысықтардың тышқан аулап үйренуі үшін, ересек мысықтардың 
аулағанын көруі керек. Таза мінезқылықтық акт өмірінде бірақ рет болуы мүмкін, 
кейін оған көптеген шартты рефлекстер қабаттасуы мүмкін. 
Үйрену – әрбір индивидумда өзіндік таңба қалдыратын өмірлік тәжірибелер 
және өткен тәжірибелерге сүйеніп жануарлардың жаңа реакцияларды 
қалыптастыруы, бейімделушілігі төмен реакцияларды түрлік өзгертулерге 
бағытталған үрдіс.
Үйренудің бірнеше түрлері бар, туа біткен қарапайым мінезқылықтық 
модификациялардан адамдардың ой әрекеті байқалатын күрделі үрдістерге дейін 
қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет