°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет16/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Негiзгi идея деген шығармадағы әр алуан тақырыптар мен идеялардың 
басын бiрiктiретiн ӛзектi мәселе, ӛнер туындысындағы азаматтық правосы 
бар негiзгi мәселе болып табылады. Сондай-ақ кӛркем шығармада тенденция 
да болады.
Тенденция (латын. Tendere – бағыттаймын, ұмтыламын) деген 
қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық кӛзқарасының тұғыры, ӛнер 
туындыларында кӛрiнiс табатын суреткердiң әлеуметтiк,саяси, идеологиялық 
адамгершiлiк ұмтылысы, автордың ӛзi бейнелеп отырған ӛмiр шындығына 
деген идеялық-эмоциялық қарым-қатынасы, маңызды мәселелердi ой 
елегiнен ӛткiзiп бағамдауы. 
Ендi мына жайтқа назар аудару қажет: жазушының ой ӛзегi әрқашан қаз-
қалпында кӛркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келедi де әр 
шығармадағы автрлық және объективтiк идеялар туралы ұғым туады. 
Авторлық идея – суреткердiң о бастағы ой ӛзегi; объективтiк идея – нақты 
шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екеуi ылғи бiрдей бола 
бермейдi. Дәлiрек айтқанда, автор ӛзiнiң ойға алғанын жазу үстiнде дәл ӛз 
ойындағыдай жинақтай беруi қиын. Кейде тiптi авторлық идеяға объективтiк 
идея кереғар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкiн. Мәселен, Гоголь бiр жолы 
“Ӛлi жандардың” алғашқы нұсқасының бiрер тарауын Пушкинге оқып 
берген екен, оның алған әсерi автордың ой-ӛзегiне қарама-қарсы шығыпты: 
Гоголь кӛңiлдендiрiп, күлдiрмек болып оқыса, Пушкин тыңдаған сайын 
түнерiп, сұрланып, ақыр аяғында тiптi мұңданып: “Құдай-ай, қайран Россия 
қандай қамкӛңiл едi!” – дептi. Демек бiзге керегi – автордың идеялық 
мақсаты ғана емес, шығарманың идеялық нәтижесi. 
Ә.Нұрпейiсов 40-жылдардың орта шенiнде ӛзi iшiнде болып, бүге-
шiгесiн әбден анық бiлетiн Курляндия оқиғасынан шағын очерк жазбақ 
болады. Оның жазушылық жолы осыдан басталған. Сӛйтiп, осынау авторлық 
идеясын жүзеге асыру үстiнде оның творчестволық ой-ӛзегi ӛзгередi де, 
отырады: очерк кӛлемдi әңгiмеге, әңгiме повеске, повесть қалың романға 
айналып, онысы әуелi “Курляндия” боп жарық кӛрдi де, кейiн “Күткен күн” 
боп бастан-аяқ қайта жазылды. Қысқасы, авторлық идеяның объективтiк 
идеяға айналу барысы - ӛз алдына тiрi тарих, бүтiн бiр творчестволық 
процесс. 
Л.Толстойдың “Соғыс пен бейбiтшiлiгiндегi” ой-ӛзегiнiң ӛрбу процесi 
авторлық идеяның объективтiк идеяға айналу тарихы тiптi қызық. Басында 
автор бiрер дворян семьясының аз уақыт iшiндегi хал-күйiн, шаруа жайын, 
тұрмыс тiршiлiгiн суреттеп, кейбiр психологиялық ситуацияларды ғана 
жинақтап, тынбақ екен. Iс жүзiнде олай болмайды. Автор аттаған сайын 
шындық сырына тереңдеп, оқиға аумағы кеңейiп, бiрер семья емес, күллi 
халық жайлы жеке адам емес, жалпы заман жайлы мәселелерге кӛшiп, бүкiл 
орыс ӛмiрiнiң кезең-кезеңдерiн кезiп кете барады. Осы жайтты Толстойдың 
ӛзi тамаша айтқан: “Мен 1856 жылы белгiлi бағытта повесть жаза бастадым, 
қаћарманы – семьясымен Россияға оралған декабрист болуға тиiс едi. Амал 
жоқ, бұл күндерден жырақ 1825 жылға – қаћарманның адасқан, азап шеккен 


25 
дәуiрiне ауыстым да, бастаған нәрсемдi тастап кеттiм. Бiрақ менiң 
қаћарманым сол 1825 жылдың ӛзiнде есейiп қалған ересек, семьялы кiсi 
болатын. Осыны түсiну үшiн, мен оның жас шағына кӛшуге тиiс болдым, ал 
менiң жастық шағы Россия үшiн даңқы бӛлек 1812 жылғы дәуiрмен тұстас 
келдi. Бастағанымды тағы тастадым да, ендi 1812 жылдан қайта бастадым… 
Бiрақ оны үшiншi рет тағы тастадым… Сӛйтiп, 1856 жылдан 1805 жылға 
шегiнiп барып, сол уақыттан былай қарай – 1805, 1807, 1825 және 1856 
жылдардағы тарихи оқиғалардың жуан ортасымен бiр емес, әйелi бар, еркегi 
бар, бiрнеше қаћарман алып ӛтпек болдым”. Сонымен мiне, автордың 
алғашқы ой-ӛзегiндегi бiрнеше дворян семьясының тарихы бүкiл орыс 
халқының кӛркем тарихына шағын семьялық-психологиялық роман кӛш 
құлаш ұлттық эпопеяға осылай айналған. 
Тақырып пен идея – әдеби шығарманың мазмұны. Ал әдеби шығарма 
мазмұнды болу үшiн, Ибсен айтқандай, әдебиетшiнiң ӛмiрiнiң ӛзi мазмұнды 
болу қажет. Кӛркем творчество суреткердiң ӛмiр тарихымен тығыз 
байланысты. Сондықтан әрбiр қалам иесi шығармаларының тақырыбын 
байыту үшiн, алдымен ӛзiнiң ӛмiр тәжiрибесiн байыта түсуге тиiс. Ол үшiн 
қаламгер ӛмiрмен қоян-қолтық араласып, жиi-жиi сапарға шығып, халықтың 
қалың ортасына сiңiп кетуге тиiс. “Егер жазушы болғыңыз келсе, – дейдi 
Чехов Телешевке, –күнi ертең Нижнийге билет алыңыз, сонда барыңыз, одан 
– Волгаға, Камаға шығып кетiңiз. Халық ӛмiрiн кӛресiз, меңiреу түзге, жер 
үйлерге түнейсiз. Жалғыз-ақ темiр жол бойымен жүре қалсаңыз, қалайда 
үшiншi класқа, қарапайым халық арасына орналасу шарт. Әйтпесе құлағыңыз 
қызықтан құр қалады”. Чехов ӛзгеге осылай ақыл айтып қана қойған жоқ, 
1890 жылы ӛзi бүкiл Сiбiрдi түгел аралай отырып, Қиыр Шығысқа, одан 
Сахалинге барып қайтты. Оның Ялтадағы музейiнде ұлы жазушыға дәл әлгi 
сапарда ӛз оқырмандары сыйға тартқан бiр шағын сурет бар: қалың жыныс 
орман, ымырт, орманшының үйшiгi, үй алдында қып-қызыл болып қоздаған 
шоқ… Тӛргi бӛлмедегi кереуеттiң аяқ жағында қабырғада iлулi тұр. Осы 
суреттен ауру Чехов ақырғы демi бiткенше кӛз алмапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет