°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар


Диалог (грек.di - екi logos - сӛз,), сӛйлестiру



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Диалог (грек.di - екi logos - сӛз,), сӛйлестiру – әдеби шығармадағы екi 
кейiпкердiң немесе бiрнеше адамның сӛйлесуi; әдеби шығармадағы 
кейiпкерлердi сӛйлестiру тәсiлi; шығармадағы тартыс-қақтығыстардың 
шиеленiсiп-ӛрiстеуiмен тығыз байланысты кейiпкерлер сӛзi; жазушының әр 
кейiпкердi мiнез-бiтiмiне, ой-ӛрiсiне орай сӛйлетуi. 


32 
Пейзаж (франц. Pays - ел, жер) – әдеби шығармадағы жара-тылыстың 
әсем кӛрiнiсi,кӛркем бейнесi; табиғатты адамның кӛңiл-күйiмен астастыра 
суреттеу; кейiпкер басындағы қуанышты я мұңды күйлерге ыңғайлап, уақыт 
пен кеңiстiктiң дерегi болып табылатын қоршаған ортаның әр алуан сипатын 
беру. 
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Кӛркем бейненiң әдеби әдiс тұрғысынан түрлерi.
2. 
Кӛркем бейненiң әдеби тек тұрғысынан түрлерi. 
3. 
Кӛркем бейненiң әдеби тәсiл тұрғысынан түрлерi. 
4. 
Ӛнердегi типтiлiк, типтендiру процесi деген не? 
5. 
Тип пен прототиптiң арақатынасы қандай? 
6. 
Образ жасаудың портрет, мiнездеу секiлдi жолдарына сипаттама берiңiз. 
7. 
Образ жасаудағы iшкi монолог пен диалогтың және пейзаждың қызметi 
қандай? 
 
 
 
VI тақырып. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ
МЕН СЮЖЕТI 
1. 
Композиция туралы түсiнiк. 
2. 
Сюжет туралы ұғым. 
3. 
Сюжеттiк элементтер немесе сюжеттiк даму кезеңдерi. 
4. 
Композицияның сюжеттен тыс элементтерi: пролог, эпилог. 
5. 
Композиция мен сюжеттiң бiрлiгi және айырмашылығы. 
Композиция (латын. Composito – құрастыру, қиыстыру) – кӛркем 
шығарманың құрылысы; әдеби шығарманың сыртқы түрiнiң ғана 
симметриясы емес, сонымен қатар iшкi сырының да гармониясы; сюжеттiң 
ӛрбу кезеңдерiн жүйеге түсiруiмен қатар сюжеттен тыс нерселердi де ӛзара 
қиюластырып белгiлi бiр арнаға салатын ұғым; сюжеттiк дамудың кезең-
кезеңдерiн тәртiпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе
шығармадағы барлық бӛлшектi бiр ғана бүтiнге тұтастыру, бәрiн бiр ғана 
нәрсеге – негiзгi идеяға бағындыру.
Әдеби шығарманың композициялық құрылысының ұтымдылығы сӛз 
болатын мәселелердi, суреттелетiн жағдайларды, кейiпкерлердiң iс-әрекетiн 
талғап, таңдай бiлу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып 
қиюластыра бiлу шеңберлiгiне жалғас келедi және, түптеп келгенде, бұл 
жазушының қандай шиеленiскен жағдай болса да түйiнiн тауып, ақ пен 
қараны ажыратып, не нәрсенiң мәндi, маңызды екенiн терең түсiнетiн 
кӛрегендiгiне байланысты болады. 
Композицияның кӛркемдiк қуаттылығы – әдеби шығармада не 
айтылғандығы қандай маңызды болса, ненi қай тұста айту, әр түрлi жағдай, 
уақиғаның, iс-әрекеттiң қайсысын бұрын, қайсысын кейiнiрек баяндау – 
бұлардың да үлкен мәнi бар. Айталық, басты кейiпкер шығарманың ӛн 


33 
бойында үлкен жiгерлiлiк, алғырлық танытып келiп, ал ендi ең соңында 
ӛмiрден торығып, түңiлгендей болса, бұдан туатын әсер бiр түрлi де, егер 
осындай торығу, ӛзiнен әлсiз сезiну шығарманың орта тұсында болып, 
кейiпкер қайта сергiп, серпiлiп, ӛзiнiң ширақ, күрескер қалпына келсе, 
шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсерi 
мүлде басқаша болатыны түсiнiктi. 
Әдеби шығармадағы жеке бӛлiм, тараулар уақиғалардың астас, 
жалғастығы, кейiпкердiң ортақтығы арқылы бiрiгiп, тұтасып жатады. 
Композициялық тәсiлдер алуан түрлi. Солардың iшiнде екi нәрсенi 
салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиi кездеседi. 
Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгiлеуде елеулi 
орын 
алатын 
ерекшелiктер: 
уақиға 
автордың, 
автордан 
басқа 
баяндауышының атынан айтылуы немесе кейбiр тұстарда болған жағдайлар 
шығармадағы кейiпкердiң кӛзiмен кӛрген қалпында алынып, соның ұғым-
түсiнiгi арқылы берiлуi. 
Сюжет (франц. Sujet - зат) – кӛркем шығарманың мазмұнын ашып, 
мазмұнды пiшiнге кӛшiрудiң негiзгi түрi, жолы немесе тәсiлi; адамдардың 
ӛзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек кӛру, жақсы кӛру, әр 
характердiң, типтiң ӛсу, жасалу тарихы; ӛзара жалғасқан оқиғалардың тiзбегi, 
бiртұтас желiсi; ӛмiрлiк тартыс, конфликт, кейiпкерлердiң қарым-
қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт әр түрлi адамдардың iс-
әрекетiндегi немесе ой-сана, кӛзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай 
қайшылықтар әр түрлi қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. 
Кейiпкерлердiң қақтығысы қалайда қоғамдық ӛмiрдегi күрес-тартыспен 
қабысып жатады, жеке адамдардың iс-әрекетiнен, тағдырынан оқырмандар 
заманның, дәуiрдiң шындығын кӛрiп, әлеуметтiк қайшылықтардың сырын 
ұғады. Шығармадағы қақтығыс-тартыстың (конфликт) ӛрiстеп дамуы үстiнде 
кейiпкерлердiң қимыл-әрекеттерi, ой-сезiмдерi, сӛздерi арқылы олардың 
характерi ашыла, айқындала түседi. Сюжеттiң жүйелi тұтастығы да, сондай-
ақ жекелеген сәттерi, яғни бастамасы (экспозиция), шиеленесуi, шарықтау 
шегiне жетуi және шешiлу – аяқталуы да ӛмiрлiк тартыс, қайшылықтың 
даму-ӛрiстеу заңдылықтарына сәйкес келiп отырады. Уақиға желiсi болған 
соң, тартыс болған соң оның қадай да бастауы, ӛрiстеп, шиеленiсiп, 
ширығатын кезi, аяқталуы болатыны түсiнiктi ғой Және мәселе уақиғаның 
жәй ғана аяқталуында емес. Кӛркем шығармадағы қақтығыстар, жеке 
суреттер-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетiн оқиға тiзбегi 
бара келе логикалық тиянақтық тауып, негiзгi шиеленiс-тартыстың түйiндерi 
әбден шешiлiп, бәрi-бәрi бiр арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы 
шығарманың негiзгi идеясы әсерлi толық ашылуы аса қажет. 
Сонымен бiрге кейде сюжеттiң беташары ретiнде аңдату (пролог), ал 
соңында қосымша түрiнде үстемелу (эпилог) суреттемелер берiледi. Олардың 
болуы шартты емес, қажет деп саналса ғана, сюжетке тiкелей байланысты 
болмаса да, жанама эпизод етiлiп берiледi. 
Әрине, сюжеттiң аталған тұстары, ӛз алдына оқшауланып кӛрiнетiн 
бӛлшектерi үнемi бiр қалыппен жасалмайды, ӛмiрдегi нақтылы жағдайларға 


34 
орай сан түрлi болып құбылып ӛзгерiп отырады. Сюжеттiң мағыналық 
мүмкiндiгi баяндалатын оқиғаға қатысатын кейiпкерлердiң iс-әрекетi, мiнез-
бiтiмi, яғни, характерлерi бейнеленуi арқылы ашыла түседi. Тегiнде сюжеттi 
оқиға желiсiнiң құр қаңқасы, сұлбасы ғана деп қарамай, сол оқиғалардың 
байланыс-жалғастығы, ӛрбу-ӛрiстеу кезеңдерiнiң тұтасқан ағым-арнасы деп 
түсiну дұрысырақ.
Қалай десек те сюжет пен кейiпкерлер, олардың характерлерi арасында 
тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ӛйткенi оқиға дегенiмiз адамның басынан 
кешетiн жағдайы, немесе, бiрнеше адамдардың қарым-қатынасының кӛрiнiсi 
ғой. Ал адамның мiнез ӛзгешелiгi, характерi оның iстеген iсiнен, қимыл-
әрекетiнен айқын танылатыны және талассыз. 
Ал кейбiр шығармаларда кейiпкерлердiң характерiне, психология-сына 
тереңiрек бойлап, ӛмiр шындығын ашып кӛрсетудiң орнына, баяндалып 
отырған жағдайларды ешбiр зерлеп, зерттеп жатпай, оқиға желiсiнiң ӛзiн 
қызықтап, соның iзiн қуып кету де кездесетiнiн де мойындауымыз керек. 
Бiрақ бұл кӛркем ӛнердiң талабы емес, кӛбiнесе жазушының талғампаздық 
шеберлiгiнiң жетiспегендiгiнiң нәтижесi. Сюжеттi қызықтау, оқиғаны 
қыздырмалап, бiрыңғай баяндау детективтiк жанр шығармаларында ғана 
болмаса, басқадай әдеби туындыларда кӛбiнесе ұтымды бола қоймайды. 
Кӛлемдi шығармада оқиға желiсi бiрнеше тарауға бӛлiнiп, қатарласа 
ӛрбiп, бiр-бiрiмен жалғаса келiп, бiр арнаға құйылады. “Евгений Онегин” 
романында Онегин мен Татьянаның ара-қатынасы, Онегин мен Ленскийдiң 
қатынас-қақтығысы, Ленский мен Ольганың ара қатынасы – бұлар сала-сала 
оқиғалар тiзбегi. 
Сюжет – бiрнеше адамдардың қарым-қатынасындағы белгiлi бiр кезең
әлеуметтiк тартыстың бiр кӛрiнiсi, сюжеттiң аяқталып бiтуi дегенiмiз 
баяндалып отырған оқиғалардың бiр арнаға сайып, ӛз шешiмiн табуы. Алайда 
сюжеттiң аяқталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлi және мұның ӛзiн 
белгiлi дәрежеде шартты нәрсе деп түсiнген дұрыс. Кӛп жағдайда 
шығармадағы оқиғаларды одан әрi ұластырып, жалғастыру мүмкiн болса да, 
жазушы баяндауын соза бермей, қайырады. Ӛйткенi оқиғаға қатысқан 
кейiпкерлердiң ӛмiрiн үнемi сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бiр не 
бiрнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейiпкерлердiң характерiн, мiнез-бiтiмiн 
айқын айтып кӛрсетуi ықтимал. Мәселе кейiпкерлердiң iс-әрекетiн бейнелеу 
арқылы, мiнез-сипатын наымды түрде кӛрсетуде. Неғұрлым кейiпкерлердiң 
характерлерi, бейне-тұлғасы дараланып, әсерлi кӛрiнсе, соғұрлым 
шығарманың сюжетi тиянақты аяқталғандай сезiледi. 
Романдарда оқиға бiрiне-бiрi ұласып, жалғасып кете бередi де, оқырман 
шексiз, шетсiз ӛмiр ағысын кӛрiп отырғандай әсер алады. Кейде тiптi 
шығарма аяқталып бiткен тұста да баяндалған кейбiр жәйттер, оқиғаның 
жеке түйiндерi толық анықталмай қала бередi. Осындай ерекшелiктердi 
ескерiп, кейде мұның прозалық туындыларды “ашық роман” (открытый 
роман) деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды “тұйық роман” 
(закрытый роман) деп ажыратып, бӛлекше қарастырады.


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет