26
3.
Кӛркем бейне жасаудың негiзгi жолдары (портрет, мiнездеу, кейiпкер тiлi,
монолог, диалог).
Кӛркем бейне – кӛркемӛнерде, соның iшiнде әдеби шығармада
жинақталған түрде суреттелетiн ӛмiр құбылысының нақтылы кӛрiнiс-қалпы,
кейiпкердiң кӛркем ой елегiнен ӛткiзiлiп, қорытындылап жасалған тұлға-
бейнесi. Кӛркем образда екi түрлi ерекшелiк – жинақтау, жалпылық
сипаттарды топшылап-түйiндеу және даралау, жекелiк қасиет-белгiлердi
нақтылы түрде кӛрсету - осы екеуi iштей астасып, қабысып жатады. Кӛркем
образ – әдебиетте, ӛнер салаларында ӛмiр шындығын, қоғамдық
құбылыстарды, табиғатты, адам тағдырын бейнелеп кӛрсету тәсiлi. Әдеби
шығармадағы адамның кӛркем образы алсақ, оның бой-тұлғасындағы,
кескiн-кейпiндегi, жүрiс-тұрысындағы, қимыл-әрекетiндегi, ойлау-сӛйлеу
әдетiндегi ӛзгеше сипат-белгiлердi нақтылы суреттеу арқылы жазушы типтiк
қасиеттердi, яғни қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық
мәнi бар ерекшелiктердi айқын танытады.
Реалистiк кӛркем бейне типтендiру тәсiлiмен жасалады. Жазушы
кӛптеген адамдарға тән қасиет-сипаттарды жинастырып, екшеп, iрiктеп алып,
бiр адамның бойына сыйғызып бейнелейдi. Сонда кейiпкердiң кескiн-
тұлғасы, характерiндегi жекелiк, кӛпке ортақ жалпылық қасиеттерi де
жалқылық ерекшелiктерiмен қатар, айқын бедерленедi.
Достарыңызбен бөлісу: