°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Реалистiк образ – әдебиеттегi адам бейнесiнiң ең сымбатты, шынайы 
түрi; қолмен ұстап, кӛзбен кӛргендей затты әрi жақын, мiнез-құлқы, iс-
әрекетi, қоршаған ортасы, басынан ӛтетiн оқиғалары бәрi ӛлшеулi, бәрi 
мӛлшерлi образ. Мұнда ӛмiрде болатын, үнемi кездесетiн, нақтылы iс-
әрекеттермен кӛрiнетiн бейне суреттеледi. Бұл – ӛмiрдегi бiрнеше адамнан 
жинақталып, творчестволық қиялға суарылып шығарылған типтiк образ. 
Эпикалық образ – кескiн-кейпi, мiнез-құлқы, iс-әрекетiмен тұтас 
кӛрiнген әрi толық жинақталған, әрi әбден дараланған тип; кӛркем бейне 
жасаудың портрет, мiнездеу, диалог, монолог және т.б. амалдары кӛп 
қолданылып жасалатын образдың түрi; адамның кескiн-кейпiн, iшкi 
дүниесiн, iс-әрекетiн кең суреттеп, мол кӛрсететiн,терең әрi жан-жақты 
танытатын образ. 
Лирикалық образ – сыршыл ӛлең жырлардағы ақынның ӛз бейнесi, 
оның iшкi бiтiмi; ақынның мың иiрiм кӛңiл-күйiнен, нәзiк сыры мен сылқым 
сезiмiнен ӛрiлiп жасалған ӛзгеше кейiпкер, оның субъективтi кӛңiл-күйiнен, 
сан иiрiм сұлу сыры мен сезiмi арқылы жасалатын образ; адамның аса терең 
нәзiк ашылатын iшкi сыры, мiнез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық 
табатын образдың түрi. 
Драмалық образ – ӛмiрдiң ӛз аясында, сахнада кӛзбе-кӛз, қолма-қол 
жасалатын; тiрiлермен тiрiлерше дидарласып, оларды қолма-қол күлдiрiп не 
жылатып, тiкелей ықпал жасап, тебiрентетiн; шиеленiскен тартыстар мен 
қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалатын образ. 
 
Образ жасаудың тәсiлдерi 
Юмор – ӛмiрдегi кiсi күлерлiк құбылыстардың ӛнердегi сәулесi; 
адамдардың, кейiпкерлердiң кейбiр қылықтарын зiлсiз әжуалау. Юмор 
жұртқа тиер зияны жоқ құбылыстар мен әрекеттердi жай ғана кӛңiлдi күлкiге 
айналдыру арқылы кӛркем шығармаға ӛзгеше эмоциялық жылылық, жарқын, 
жайдары шырай бередi. 
Сатира – ӛмiрдегi керексiз, кесiр құбылыстарды қаза қопару, қағып-
сiлкiлеу; келеңсiздiктi, керi кеткендiктi кӛптiң алдында мысқылмен түйреу, 
сықақ ету. Сатира арқылы суреткер ӛмiрде кездесетiн зиянды жайттарды, 
қулық пен сұмдықты екiжүздiлiк пен мансапқорлықты аяусыз әшкерелейдi. 
Сол арқылы күнi ӛткеннiң, тозып бiткеннiң кедергiге айналғанын аңғартып, 
адам бойынан жиренiш шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет