155
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ген атаққа мəз болып, далақтап содырын тигізген жандар екені
аңғарылады. Абай «ащы тіл, улы сиясын», əсіресе, осындай бір құны
жоқ құныстарға арнайды.
Абай ащы сөздерін түрлі əуенге, əдістерге салып қолданған.
Ақын жайын баяндамақ болған кей адамдарды əуелі бір көтеріп
тастағандай, дандайсытқандай болады да, артынан құдіретсінгендерді
күрт түсіріп, қауқиған сырттары болмаса, ішінде нəрі жоқ қуыс кеуде-
лер екенін түсіндіреді. «Өз үйінде өзендей күркіреп» мығымсығандар,
күрделі іс келсе, шөмиіп қалатын, мақұл іс қолдарынан келмейтін,
саналы ойдан аулақ адамдар болып шығады. Шен таққандар тек бер
жағы жылтырап, халыққа пайда тигізуді ұмытқан, жəбірлігін өнерін
көргендер екені түсіндіріледі.
Абай басня үлгісінде жазған бір шығармасында сауда-саттық
жасап, бір жақтан келе жатқан қырық-елу қос керуендер жайын сөз
қылады. Үстіне артқан алтынына бола, керуендер есектің үстіне шаң
жуытпай артық жем беріп, жүнін сипап, шетінен бəйек болып, оның
алдында шөптей жапырылып, атты теуіп, адамды тістесе де, қарсы
келмейді, керек десе, кейбіреулері есектің салпиған құлағынан да
сүйеді. Тамам қостың байлары есектің қасынан шықпай үйіріліп-
шүйіріліп жүргені. Осындай сый құрметтің салдарынан есек əбден
дандайсып кетеді. Керуендер оның өрескелдіктеріне де көнеді:
Ол жай жүрсе жұртта жай,
Ол желсе, жұрт желеді
298
.
«Жаббарқұл мырза» атанған бұл есек алтыны үстінде жүргенде
есе бермейтін, айбарлының бірі болып кетеді. Бір күні есектің үстінен
алтын жүгі алынады. Алтын жүгінен айырылған, өз басының құны
жоқ, қолынан іс келмейтін есек туралы мынаны оқимыз:
Алтынды бір күн бай алды,
Есектен жұрт та түңілді.
«Жаббарқұл» аты жоғалды,
Боқ тасуға жегілді
299
.
Сөйтіп кеше ғана талайлар алдында бас иген, жарамсақтанған
есек енді атағынан айрылады. Оның қасында жалпақтағандардың
бірі қалмайды. Есек қаз қалпына қайта барады, бірақ дəуірлеген
кезінде, есек те өнер көрсеткен еді: атты теуіп, адамды тістеген-тін,
«Жаббарқұл» атанған еді.
298
Достарыңызбен бөлісу: