160
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Айттым сəлем қаламқастан» күйрек жанды, өмірге деген түсінігі
көтеріңкілеу жігіттің ой, сезім, махаббаттық арманы, оның өзінше
адамшылыққа ұмтылған адал ниеті аңғарылады. Ол ғашығына:
Сенен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас
305
, –
дейді. Ғашықтығы жөпшеңгі адамға ұқсамай, жарын ерекше сезіммен
қарсы алғысы келеді. Таңдап алғаны дүниеде теңі жоқ жан. Ойын
өрістете келіп:
Қылығында жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат.
Ыстық тартып барасың,
Бір сағаттан бір сағат
306
, –
деп тағатын тауыса сөйлейді. Осынау бір ғашықтық – дүние
рахатының сарқылмас таза көзі, мəңгі саясы сияқты, барлық қасиет
бір қыздың басынан табылып, енді ондай жан еш жерде жоқ. Өмірде
бір-ақ рет ғашық болуға жаралған жанға ұқсап, енді мұндай сезім
қайта келмейтіндігін баяндаған жігіт:
Бір өзіңнен басқаға
Ынтызарым айтылмас, –
деп тұжырады.
«Жарқ етпес қара көңілім» мен «Айттым сəлем қаламқастың»
шумақтарын салыстырсаңыз, аңғартылған ой мен сезім бір-
бірінен айнымайды. Бірыңғай сөзбен айтылған ғашықтық сезім.
Шығармалардың бірінде:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірə сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да
307
, –
десе, екіншісінде ғашықтығын білдірген жігіт: дүниеде сенен артық
жан тумайды, туса да өзіңнен артылмайды, басқа жанға «ынтықтығым
айтылмас» дейді. Екеуі де ғашықтық жайында ойымызды осындай
бір мəнде айтайық деп келісіп қойған секілді.
305
Достарыңызбен бөлісу: