4 . Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: 1.1 тақырып Кіріспе. Қазақ тілі әдістемесі- ғылыми пән Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуі, дамуы, қалыптасуы. Ғылымның алуан
түрі. Қазақ тілі әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енуі.
Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір
ғылыми жүйеге келген ғылым.
Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдісі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алға қойған
мақсаты – өзінің зерттейтін нысанын жан-жақты танып білу, заңдылықтарын ашып айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін объектіні танып білу әрекеті мен
түрлері. Құбылысты, нысанды ғылыми танып білу үдерісінде іске асырылатын әрекеттер қазақ тілін
оқыту әдістемесіндегі негізгі кезеңдері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми зерттеу.
Қазақ тілі – оқу пәні.
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық құрылымы, сөзжасамдық жүйесі, сөйлем
құрылысы және олардың өзге тілдермен ұқсастығы мен айырмашылығы.
Қазіргі сабақ құрылысы. Қазақ тілі сабағын классификациялау. Сабақтың типтері мен түрлері.
Тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген сабақтың дәстүрлі түрлері мен дәстүрден тыс сабақ түрлері.
1.2 тақырып Қазақ тілін оқытудың принциптері Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен методикалық принциптері. Педагогика ғылымының оқу-тәрбие беру
жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделуі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
жалпы дидактикалық принциптерге сүйенуі. Жалпы дидактикалық принциптердің түрлері.
Қазақ тілін оқыту әдістері Қазіргі заманға сай технология элементтерін, техникалық құралдарды, интерактивті тақтаны
қолдануды негізге алып әдіс-тәсілдерді пайдалану. Әдіс-тәсілдердің түрін ұлттық педагогикамен
ұштастыру. Қазақ тілін оқытуда қолданатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Оқыту әдістерінің
түрлері.