Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта
өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру,
бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі мақсат қоя отырып
пайдалану қажет.
Қазақ тілі бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
- қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, білім
алушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгерудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен
теориялық білім беру арқылы білім алушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады.
Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру
қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-
сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып,
өзінің мамандығын
құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәрбиесінен сыналған ең тиімді
оқытудың әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды.
Әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс
істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің
тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
1.4
тақырып Қазақ тілі бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс
Сыныптан тыс жұмыстар, олардың жоспары. Оның мақсаты мен
міндеттері және ұйымдастыру
жолдары. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың түрлері. Факультативтік сабақтар.
Достарыңызбен бөлісу: