2. Қартаюды алмасу процестерінің қарқыны төмендегендіктен тағамның жоғары биологиялық құндылығын: витаминдер, биомикроэлементтер , фосфолепидтер , көп қанықпаған май қышқылдары жеткілікті қосу арқылы қамтамасыз етуге болады. •
3. Тағамды азық – түлікте кездесетін табиғи антисклеротикалық заттармен байыту.
•
Қартайған адамдардың клеткаларының регенерация процесін қамтамасыз ету үшін : Белоктың жоғары мөлшері қажет. Бірақта белоктың артық мөлшері атеросклероз ауруының дамуына ықпал ететіндіктен белокқа салыстырмалы шектеу қойылады. Жасы ұлғайған және қартайғандар рационында белок пен қанттың шектелуі қандағы холестерин деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Осы жастағыларға белоктың қажеттілігі дене салмағының 1 кг- на 1г белок есептеледі. Жануар белоктары жалпы белоктың 55% -н құрауы тиіс.
•
Қарттардың ағзасына қажетті витаминдер •
Қарттарды витаминмен қамтамасыз етуде организмнің зат алмасуын реттеп, қартаюды баяулатады. Ең маңыздысы С витамині. Аскорбин қышқылы қорғаныс механизмін нығайтып, холестерин биосинтезін реттеп, организм реактивтілігін көтереді. Липотроптық қасиеті бар витаминдерге В12, фоли қышқылы, холин, инозит жатады. Олар атеросклероз дамуын тежейді.