АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАЙДЫ?
• Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерінің бес түрін
қолданады: көру, есту,
иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу.
• Адам көзбен көру ақпаратын алады. Мысалы,
теледидардағы кинолар
мен мультфильмдерді көру, тақтадағы жазулар, көшеде жүру
белгілері және т.б.
• Адам құлағымен есту ақпараттарын қабылдайды. Мысалы, мұғалім
сөзі, досының әңгімесі,
қоңырау шырылы, музыка дыбысы және т.б.
мұның барлығы дыбыстық ақпарат болып табылады.
• Адам мұрны арқылы қоршаған ортадан иіс сезу ақпаратын алады.
Мысалы, бауырсақтың иісі, гүл иісі және т.б. иіс
сезу ақпараттары
болып табылады.
• Адам тілдің көмегімен заттың ащылығын, қышқылдығын, тәттілігін,
тұздылығын анықтайды. Мысалы, қышқыл лимон, тәтті конфет,
тұзды қияр және т.б. осы сияқты мысалдар дәм сезу ақпараты болып
табылады.
• Саусақ ұшы және тері арқылы заттың
температурасы жайлы ақпарат
аламыз. Басқаша айтқанда, кез келген заттың ыстық немесе суығын,
құрғақ
немесе ылғалдылығын, тегіс немесе кедір-бұдыр екендігін
денеміздің терісі арқылы анықтаймыз. Мұндай ақпараттар сезу
(тактілік) ақпарат деп аталады.