«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет2/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Талипова И.С. Топтық жұмыстың оқушы белсенділігін арттырудағы ролі...........39 
Турлыбаева Х. Т. Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби 
шеберлігін қалыптастыруы..........................................................................................42 
Раманқұлова А.Ғ. Active teaching methods as a means of socialization 
in the English lesson.......................................................................................................44 
Садықбек И.А. Multi languageness is a basis of development multicultural 
individual........................................................................................................................46 
Умербаева А. С. Как отмечают Наурыз ....................................................................48 
Байгутов Р. Б., Темирбекова С. Т. Дене тәрбиелеу жүйесінде гимнастиканың 
орны..............................................................................................................................49 
Сейсенбаева Г.Д., Рахатов Б. А. Жеңіл атлетикадағы жарыстардың түрлері мен 
сипаттамасы.................................................................................................................52 
Жазыкбаева Л.Т. Қош бол сүйікті, әліппе!...............................................................56 


Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылы 
№60"Қызылқұм жалпы орта мектебі "КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Мустафаева Гульзат 
Тәуелсіз елдің түтіні түзу. Тәуелсіздік біздің тағдырымыздың тәлкектен тыс, ұрпақтарымыздың 
болашағының жарқын болуына орасан зор ықпалын тигізіп отырғандығын ешкім де жоққа шығара 
алмайды. Қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған түрлі жағдаяттардың куәсі болып отырмыз. Басқаға 
бағынышты болып та көргенбіз. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ашаршылық, саяси репрессия, 
соғыс тәрізді зұлматтар сол күндердің еншісіндегі тарихқа басылған нәубетті күндер болғанын ешкім де 
жадынан шығара қоймас. Дегенмен, бүгінгі оқушы – ертеңгі ел азаматы. Біздің ұстаз ретіндегі басты 
міндетіміз, дәл осы айтылғандарды жас буынның санасына құя білу, тәуелсіздікке дейінгі кезеңдегі қазақ 
халқының басынан өткен ауыр күндерді сезіндіріп, оларға тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегендігін 
түсіндіру болып табылады. Қолда бар тәуелсіздіктің қадірін сезетін түйсігі мықты жасөспірімдерді 
тәрбиелеу қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Өзім бастауыш сынып мұғалімі 
ретінде дәл осы жолда аянбай тер төгіп, тәуелсіздікің тұтқасын ұстар бүгінгі жасөспірімге дұрыс білім 
мен тәрбие беру ел ертеңінің жарқын болуына қызмет етпекпін.
Алдымыздағы бала болашақта қандай мамандықтың иесі болса да, ХХІ ғасырдағы жан-жақты 
жетілген заманауи тұлға ретінде әр саладан хабардар болуы керек. Атап айтар болсақ, ол инженер-техник, 
бағдарламашы, есепші т.б. болса да, Қазақстан тарихы, география, дүниежүзі тарихы, қазақ тілі, орыс тілі 
мен ағылшын тілі пәндерінің оқу материалдарын тиянақты меңгергені абзал. Бұлай дейтін себебіміз, 
қазіргі уақытта білім беру саласындағы атқарылатын істің барлығын шартты түрде екі мақсатқа 
жұмылдырған жөн тәрізді. Оның біріншісі, білім алушының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, 
елжанды азаматтарды тәрбиелеу, елін-жерін сүйіп, оған адал қызмет ете білетін отансүйгіштік қасиетті 
қалыптастыру. Екіншісі, қазіргі жаһандану дәуірінде оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін еселендіру
«дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген ұстанымды өзінің өмірлік позициясында дұрыс қолдана білетін, 
сыни ойлауға қабілетті, заман талаптарына толыққанды жауап бере алатын жеке тұлғаларды 
қалыптастырып шығару. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір ұстаздың қосар үлесі қомақты болып 
саналады.
«Тарихқа тағзым – ұрпаққа тағылым», «Тарихты тану – ұрпақ парызы», «Тарих – ұлттың жады», 
«Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды»... Тарихты танып 
білудің мән-маңызы жайлы дәл осындай нақылға айналған тізбектердің, қанатты сөздердің, 
дәйексөздердің қатарын тізбектеп жаза бере аламыз. Бұның барлығының айтары біреу, тарихты 
қастерлеп, бүгінгіге құрметпен қарау және келешекке өткеннен сабақ, тәлім-тәрбие алып сеніммен аттану 
ертеңгі күніміздің жарқын боларының кепілі болмақ. Міне сондықтан да, білім алушыларға тарих пәнін 
оқытудың танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні айрықша дегенді батыл айта аламыз. Өскелең 
ұрпақтың Отан тарихын біліп өсуі олардың алып бәйтеректің түпкі тамырынан нәр алғандығы тәрізді. Ал 
тамыры тереңге бойламаған өсімдіктің өсуінің де алысқа бармасы, жапырағы жайылып, мәуелі ағашқа 
айналмасы анық. Сол сияқты бүгінгі жас буынның тарихын, түпкі тамырын білмей өсуінен аса сақ 
болуымыз қажет. Әрбір жаңа буын Қазақстан тарихының сонау ежелгі дәуірінен бастап, бүгінгі күнге 
дейінгі әр дәуірін кезең-кезеңге жіліктеп, әр кезеңнің қазіргі қазақ елінің қалыптасуы үшін қандай тарихи 
мән-маңызы болғандығынан хабардар болуы қажет.
Міне, осы жолда жиырма жеті жылдан астам уақыт бар ерік-жігерімізді ұстаздық жолына арнап, 
жас ұрпақтың тәуелсіз еліміздің көк байрағын желбіретер ұл-қызы болуына өз үлесімді қосып келе 
жатқанымды мақтана тұтамын!!! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет