«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА 
ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ» 
Шымкент қаласы 
А.Бөкейханов атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Туганбаева Раушан Мелдебековна 
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. 
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа 
бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов 
айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні 
сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған 
басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. 
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық 
педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір 
ұстаздың міндеті болып табылады. Қазақ тілі және әдебиеті сабағында оқушылардың шығармашылық 
қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте қазақ тілін оқыту 
теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның 
педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның 
шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. 
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі – жоғары 
интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне 
үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас 
ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге 
өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін 
активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиялардың 
элементтерімен қатар ақпараттық технологияны да қолданып жүрмін. 
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы 
әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, 
өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру 
мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –
профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, 
пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар 
–дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен
еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның 
экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де 
мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. 
XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі – 
бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. 
Сондай тиімді жолдардың бірі – қазақ тілі және әдебиеті пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту. 
Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың 
жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және 
психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. 
Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр 
сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, 
даму үстінде болады. 



Академик В.Л.Беспальконын анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге 
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың 
әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік 
принциптердің талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі 
тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. 
Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады: 
o жас құрамы бойынша (сыныптар, жасы бойынша тетелестер, әр жастағы білім деңгейі бір топта);
o жынысы бойынша (бір мектептен, мектеп, сынып, әйел, ер, аралас);
o ақыл-ой даму деңгейі бойынша (ойлау қабілеті, темпераменті, мінез-құлық);
o денсаулық деңгейі бойынша (жалпы топ, денсаулығы нашарлар, көз көрмеу, құлағының естімеуі
және т.б.) 
Деңгейлік оқыту мақсаты – әр сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай 
жалпы білім беру. 
· дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең дәрежеде оқытуды қабылдамайды.
Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады. 
· мұғалімнің білімі нашар оқушыларға көмектесу қабілеті жоғарыларға ерекше назар аударуға
мүмкіндігі болады. 
· оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі болады.
· «Мен» тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттік, білімділігін тереңдетеді, сенімі бекиді, білімі
нашарлардың өзіне сенімі пайда болады. 
· оқуға қызығушылық пайда болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. 
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші. 
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. 
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. 
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының 
өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында. 
Мұнда оқушының шығармашылық білігі қалыптасады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға 
және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып 
отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны 
енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы 
шарты. Бүгінгі күні мектебімізде интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, жаңа үлгідегі 
жабдықталған мультимедиа-лингофон кабинеті, интерактивті тақтасы бар кабинеттер жұмыс жасауда. 
Бұл тақталар, компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез-келген мұғалім, сонын ішінде 
әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек 
деген сөз. 
Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай 
нәтиже беретіні белгілі. Күрделі оқып үйретуші программалармен, электронды оқулықтармен жұмыс 
істеу өте қызықты және оқытуды белсендіріп, педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ 
жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім 
компьютермен еркін жұмыс істей алған кезде ғана туады. Мультимедиа, Интернет технологияларының 
кең етек жаюы ақпараттық технологияларды толық білім сапасына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы 
етуге болатынын дәлелдейді. 
Қорыта келе айтқанда, деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі: 
- қазақ тілі және әдебиет сабағының мазмұны мен сапасы артады; 
- оқушылардың физио-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды
- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады; 
- жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады; 
- жүйелі оқыту принціптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап білім деңгейін өрбіте 
алады; 



- оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өзіне өзі баға береді , жаңалыққа 
ұмтылады. 
Сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық 
қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. 
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенінің 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және 
видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет