23
№ 4
Білім беру саласы: Коммуникация, Денсаулық, Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Масақ» украин халық ертегісі
Мақсаты:
Ертегінің әңгімеден айырмашылығын түсіндіру.
Міндеттері:
а) Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге
үйрету, өз ойларымен бөлісе отырып, «т», «в» дыбыстарын анық айтуға жаттықтыру.
ә) Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдырып, кейіпкерлер бейнесін сомдау
қабілеттерін дамыту; ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.
б) Еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жалқаулыққа бой алдырмауға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: ертегі кейіпкерлерін;
түсінеді: кейіпкерлер дауысын айнытпай салуды;
қолданады: бәлішті қалай жасау керектігін.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: масақ, диірмен.
Билингвалды компонент: масақ – колосок – spikelets, ұн – мука – flour.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Масақ ертегісінің қуыршақ кейіпкерлері қонаққа келеді. Олармен жақын танысу
(тышқандар: Круть және Верть, әтеш).
2.Негізгі кезең
Жаңа сөздермен жұмыс: масақ, диірмен.
Жаңа сөздерді
«Телефон» ойыны арқылы қайталату.
Ойынның ойналу шарты: тәрбиеші жаңа сөзді айтады, балалар бір-бірінің құлағына
сыбырлап айтып шығады. Ең соңғы бала қандай сөз естігендігін айтып береді.
Достарыңызбен бөлісу: