26
Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету.
Са-са-са – сана
Су-су-су – суық
Се-се-се – кесе
Ас-ас-ас – тас
«С» және «З» дыбысының ауада жазылуын көрсету. «З» дыбысының 3
санына
ұқсайтыны айтылады.
Топтағы немесе басқа да «З»және «С» дыбысы бар заттарды атау.
Тыныштық сақтап сағаттың дыбысын тыңдату. Оның қажеттілігі мен пішіндері туралы
әңгіме өрбіту.
– Бәріміз сағат болайық:
сырт-сырт, сырт-сырт. (Сағаттың дыбысын салып оңға-солға
сыртылдайды, сағат туралы әңгімелейді).
Сергіту жаттығуы.
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
(Қ.Ыдырысов)
Балалар буындар мен сөздерді
педагогпен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге
тырысады. Педагогпен бірге ауада жазуға талпынады. «З» дыбысының 3 санына
ұқсайтынын біледі. Өздері білетін сөздерді атауға атсалысады. Мысалы: терезе, есік,
сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан.
Достарыңызбен бөлісу: