үдей түскен қысымын бастан кешірді.1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың,соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар- ақша қатынастарының, көлікпен байланыстың дамуы да, үлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.1905 жылы Ресейде баспасөз бостандығы жолындағы күрес жеңіске жетті. Орыс тарихында революциялық газеттер тұңғыш рет өзін еркін сезіне бастады.1900 жылға қарай Ресейдегі баспасөз жүйесі 1002 аталымнан тұрса, ал 1905 жылдың өзінде-ақ 1350 газет пен журнал шықты, пошта арқылы 372 миллион дана газет таратылды. Кіріспе
1908 жылы 2028 мерзімді басылым шықты, ал оқырмандардың жалпы саны 30-35 миллионға жетті. Әсіресе газеттер саны өсті. Мәселен, 1891 жылы күнделікті газеттер саны 70 болатын, 1912 жылы олардың саны 417- ге, ал 1913 жылға қарай 649- ға дейін өсті, 1915 жылы газеттердің тағы да 200-ге жуык жана аталымы шықты.Мерзімді басылымдардың жартысы Мәскеу мен Петербургте шыққанын атап көрсеткен жөн.Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары Түркістан уалаятының газетін (1870-1882),Дала уалаятының газетін (1888-1902)