Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қасшығұловтың бастамасымен Улфат газетінде Қосымша ретінде Серке газетінің бірінші нөмірі шықты.Ш.Қасшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауыпты деп тауып, газет жабылып қалған.1907 жылғы наурызда Троицкіде Қазақ газетінің бірінші нөмірі шықты.(Ш.Қасшығұловтың айтуынша) Тыйым салынған екінші нөміріндегі біздің мақсаттарымыз деген бас мақаланың авторы М.Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында Дала газетін шығаруды жалға қоймақ болған әрекетті де табысқа жеткізбеді.Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал (Теке) қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемде Қазақстан газеті шықты. 1911-1913 жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды. Газет кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү.Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл- демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлар беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда Ешім даласы газеті шығып