РЕФЕРАТ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: "ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліндегі алғашқы
мерзімді басылымдар."
Орындаған:Қуанышова Таңнұры
Тобы:АЗТ-102
Тексерген:Смаханова Жанар Сатылгановна
2023 ж
Жоспар:
Кіріспе
Қазақстанның мерзімді баспасөзі
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін
патшалы Ресейдің толықтай жаулап алуына байланысты
Қазақстанның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал,Астрахан
сияқты кейбір ірі қалаларда патша үкіметі жергілікті
әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде
жергілікті ұлт тіліндегі алғашқыа газеттер шыға бастады.
Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының
қамын ойлап, оның әлеуметтік- шаруашылық және мәдени-
ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта
патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның
бұйрық- жарлықтары жергілікті халықтың санасын оятып,
мол рухани байлыққа ие болуларына елеулі түрде әсер етті.
XX ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ
зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір
бөлігі еуропалық білім алғандар еді Олар Шығыстың
ұлттық қозғалысының ғана емес, сонымен қатар Батыстың
буржуазиялық революцияларының да ықпалын, патша
режиміне оппозициялық пиғылдағы өз отандастарының
Достарыңызбен бөлісу: |