Экзогендік инфекция сыртқы қоршаған ортадан кіру қақпасы арқылы ағзаға
жайылады. Жатырдың шырышты қабаты босанғаннан кейін бір үлкен жара сияқты
болады, әсіресе бала жолдасы жабысқан жері және туу жолдарының жұмсақ
ұлпаларының сырылған, жыртылған жерлері - осылардың бәрі инфекцияның кіру
қақпасы.
Эндогендік инфекция әйелдің өзінің созылмалы инфекция ошақтарынан
(тонзиллит, отит, холецистит, пиелонефрит, аднексит, кольпит), метастатикалық
түрде лимфа, қан тамыр арқылы немесе жатыр мойны каналы арқылы
(каналикулярды) көтеріліп таралады.
Әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, оның ағзасының иммунологиялық қасиеті
төмендейді, әртүрлі инфекцияға сезімтал келеді. Сырқаттың ауырлығы
қоздырғыштың вируленттігіне, әйел ағзасының қорғаныш күштеріне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: