АҚЫННЫҢ БІР АРМАНЫ еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие
ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға
бастар абзал басшыны,адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе,
сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.
Жау басынар халықты
Басқарушы оңбаса.
Малша айдап адамды
Орынсыз күштеп зорласа.
Ауға тускен балықтай
Шыға алмайсың бұлқынып,
Әділетшің болмаса
Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа.
Елдің бағы ашылар
Әділеттік орнаса.
Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты
алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау
өлеңдерін шығарған. Мысалы, Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы шыққан Сүйінбай
өлеңдерінің алғашқы шағын жинағында басылды. Сүйінбайдың кейінгі ақындарға осылай
үлгі-өнеге болғаньш айта келіп,
профессор Е.Ысмайылов былай дейді: «
Сүйінбайдың
бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен
Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі —
айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны
қүмарландырып сөйлеуі, екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға
айналдырып айтуы» («Ақындар» еңбегі).
1935 жылы шыққан
«Сүйінбай ақын» деген оның түңғыш жинағы басылған. Бұл
жинаққа ақынның айтыстары мен бірен-саран жеке өлеңдері енген-ді. Ал, бұл жинаққа
дейінгі
„Жаңа әдебиет» журналында (1926, № 6) жарияланған Сарыбас ақынға арнауы мен
Сәкен Сейфуллин жариялаған Сүйінбайдың кәрілік туралы өлеңі түпнұсқаға өте жақын.
АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТҮГЕЛДЕЙ ҚАРАСТЫРСАҚ, ОЛАРДЫ
НЕГІЗГІ ҮШ САЛАҒА ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ. Олар:
ТОЛҒАУЛАР, АРНАУЛАР,
АЙТЫСТАР.
Халық арасында оның
«Мақсұгқа», «Қасымға», «Жетісу билеріне», «Болыстарға
баға», тағы да басқа
сатиралық өлендері кеңінен танымал.