Дәріс №13 Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 1898) шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата18.04.2023
өлшемі482,56 Kb.
#83754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 13,14,15

МАЙЛЫҚОЖА МЕН СҮЙІНБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ. Бұл айтысы бірінші рет 1929
жылы Жаңа әдебиет журналында басылды. Екінші рет Сүйінбай өлеңдерінің
жинағында 1935 жылы басылған. 
 
ЗЕРТТЕЛУІ 
 
1972 жылы "Нақыл" деген Майлықожаның алғашқы өлеңдер жинағы, пышақтың 
қырындай болып жарыққа шықты. Бұл жинақта Майлы ақынның өлеңдерінің басым 
көпшілігі діни тақырыпта болғандықтан, ақынның өлеңдеріне көптеген өзгерістер енгізді, 
атап айтсақ, шариғат, алла, құдай деген сөздер өзгертілді. 
АҚЫННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚЫРЫ: 
Қаламгер еңбектері ішіндегі соңғы кездерге дейін еленбей келген, көңіл айту мен 
жоқтаулары тағы бар. Бұлардың қай-қайсысы да көлемі мен көркемдік жағынан қомақты
дүниелер қатарына жатады. Мәселен: 748 тармақтан тұратын тұтас бір сырлы дастан 
тұрғысын танытатын «Дүние-ай түбің жалған бос екен де» – деп аталатын ұзақ жоқтауы 
Төле би әулеті Шойбек датқаның баласы Момынбек болыстың қазасына қатысты 
шығарылған жоқтау.
Майлықожа ақын ғана емес, сонымен қатар жазушы да болған. Қазақ ауыз әдебиетін 
жинаушы әрі зерттеуші башқұрт бауырласымыз Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев, 
Майлықожаны ақын ғана емес - қазақ ауыз әдебиетінің сақтаушысы, насихатшы, 
шебер өңдеуші жазушы ретіндегі қырын көрсетті. Ә. А. Диваев Майлықожаның өз 
аузынан лирикалық өлеңдер мен ғашықтық жырларды, ертегілер мен мысал өлеңдер, 
қазақ арасында кең тараған «Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай», «Жиренше» 
жайындағы әңгімелерді жазып алған және бұл ертегілерді «Сырдария облысының санақ 
мәліметтері жинақтарында», басқа да басылымдары орыс тіліне аударылып жарыққа 
шықты.


ДӘРІС №14 
Базар Оңдасұлының (1839 - 1911) шығармашылығындағы басты жанрлар, көркем 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет