Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет16/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

«Блум түймедағы»
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі. 
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы 
әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық
диктанттарда, т.б. қолданылады. 
2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің 
түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан 
сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында 
жайдары көңілмен берілуі керек. 
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде
сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай 
сұраққа «айналады». 
4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты 
сөздермен келеді. 
5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға 
алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар 
бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған. 
6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», 
«Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар 
теория мен практиканы ұштастырады. 
 
Сұрақтар түрі 
Сұрақтар ерекшелігі, 
мысалдар 
Олар не үшін қажет? 
Қарапайым 
«Не?..», «Қашан?..», 
«Қайда?..», «Қалай?..» 
сұраулы сөйлемдерден 
басталады 
Белгілі бір ақпаратты, 
мәліметті еске түсіру, 
анықтау үшін 
Нақтылайтын 
«Яғни сен...деп айтып 
тұрсың ғой?», «Егер мен 
дұрыс түсінсем,...?», 
«Мен қателесуім мүмкін, 
бірақ, меніңше, 
сендер.....деп айттыңдар?» 
Хабарламада 
айтылмаған, бірақ 
соған меңзеліп тұрған 
мәліметті алу үшін
Түсіндірмелі 
«Неліктен?..» сұрауынан 
басталады 
Себеп-салдарлық
байланыстарды 
орнату үшін 


27 
Шығармашылық 
«Егер де...» шартты рай 
шылауының қатысуымен 
жасалады: «Егер де...не 
болады?», «Қалай 
ойлайсыңдар, егер 
де...қалай дамыр еді?» 
Болжам жасау үшін, 
мәселені жан-жақты 
қатыстыру үшін 
Бағалаушы 
«Неліктен бір нәрсе 
жақсы, енді бір нәрсе 
жаман?», «Бір сабақтың 
екінші бір сабақтан 
айырмашылығы қандай?», 
«Бас кейіпкердің іс-
әрекетіне қалай 
қарайсыңдар?» 
Оқиғалар, фактілер 
мен құбылыстарды 
бағалау, критерилерін 
анықтау үшін 
Қолданбалы 
«...қалай қолдануға 
болады?» «...не жасауға 
болады?», «Өмірде қай 
жерде кездестірер 
едіңдер?» 
Теория мен практика 
арасында байланыс 
ортату үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет