35
3 – бірінші зат есімге үш етістік;
4 – зат есімді екі сөз тіркесі;
5 – екінші зат есімге үш етістік;
6 – екінші зат есімге екі сын есім;
Мысалы:
қала
үлкен, көне
салынады, өседі, гүлденеді
танымал қала, кішкентай ауыл
асырайды, дамиды,
қалыптасады
әдемі, туған
ауыл
«Дизайн»
Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер келіп оларды
өз талғамымен орналастырады.
Ең бастысы, бәрін өз орнына тиімді орналастыра
білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз орны бар. Орнымен жұмсасақ
қана нәтиже болатынын білдіру.
«Динамикалық шеңбер»
Оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы
шеңбердегілер
қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар
бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына
бір айналым жасап шыққанша
қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған
қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.
«Домино»
Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады.
Топтағы бірінші оқушы
оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі
домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз
сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы
өз доминосына осындай жазба
қалдырады.
Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа
домино қиындыларын құрастыруға ұсынады.
Әрі жылдам, әрі дұрыс
құрастырған топ жеңіске жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: