Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет4/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

 
«Арқаға сурет салу» 
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа 
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған 
оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт,
жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы 
үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен 
салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің 
арқасына салынған затты салады. 
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына 
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. 
 
«Ассоциативті қатар» 
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. 
Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін 
жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға 
жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып 
тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, «Қобыланды батыр», 
кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл.... 
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды 
қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-
құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі 
анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен 
мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере 
отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
 
«Ассоциацияның көмегімен көрініс» 
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып 
шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. 
Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар, ұнататын 
жемісім – анар т.с.с. 
Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет