60
Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға,
ұйымшылдыққа,
шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы сыныптағы бір адамның табанына
«қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін.
Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті
сөздер көмегімен табанын
көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.
«Қысқа аутотренинг»
Әрбір қатысушы ыңғайлы орналасады. Жүргізуші: Біркелкі демалыңдар!
Бойларыңды еркін ұстаңдар! Сендер аяқтарыңда,қолдарыңда жағымды
ауырлықты сезінесіңдер... Қабақтарың ауырлай бастады...
Біркелкі, терең
демалыңдар... аяқтарыңда, қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер.
Қабақтарың одан әрі ауырлай бастады... Біркелкі, терең дем алыңдар...
Сендер
аяқтарың мен қолдарыңды сезінбейсіңдер. Сендер ауада қалықтайсыңдар.
Сендердің көз алдарыңа өмірдегі ең бір керемет оқиғалар келеді. Сендер өздеріңді
сергек сезінесіңдер. Қазір мен үшке дейін санаймын. «Үш» сөзінде көздеріңді
ашыңдар, сендер белсенді, сергек, балғын сезінесіңдер. Бір, екі, үш...
Достарыңызбен бөлісу: