Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

 
«Неліктен бұл үздік?» 
Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын 
және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру кезінде оқушы табыс 
критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады.
 
«Нұсқауды орындау» 
Топқа 3 минуттық тест беріледі. Нұсқауды дұрыс орындау тапсырылады: 


65 
1. Тапсырмаларды орындамас бұрын барлық пункттерді оқып 
шығыңдар. 
2. Осы қағаздың оң жақ бұрышына өз есіміңді жазып қой. 
3. Екінші пункттегі есім сөзін қоршап қой. 
4. Сол жақ жоғары бұрышқа бес шаршының суретін сал. 
5. Өз есіміңді дауыстап айт. 
6. Өз есіміңді тағы бір рет жазып қой. 
7. Үш рет «Иә», «иә», «иә» деп жаз. 
8. Бесінші пунктті қоршап қой. 
9. Парақтың сол жақ төменгі бұрышқа «Х» белгісін қой. 
10. Осы тест ұнаса, «Иә» ұнамаса, «Жоқ» деп дауыста. 
11. Өз тегіңді дауыстап айт. 
12. Оң жақ бұрышқа 66-ны 7-ге көбейт. 
13. Төртінші пункттегі «бес» сөзін қорша. 
14. Егер нұсқауды дұрыс орындап келе жатырмын деп ойласаң, «Иә, 
дұрыс келе жатырмын» деп дауыстап айт. 
15. Осы парақтың сол жағына 69 және 98 сандарын жазып қой. 
16. 10-нан 1-ге дейін дауыстап сана. 
17. Орныңнан тұрып, бір айналып отыр. 
18. Дауыстап: «Мен нұсқауды орындап аяқтап қалдым,» - деп айт. 
19. Егер мұны бәрінен бұрын айтсаң: «Тестің бұл кезеңінің 
көшбасшысымын!» - де. 
20. Енді бірінші пунктте айтылғандай, бәрін түгел оқып шыққан болсаң, 
тек №2 пунктті ғана орында. 
Кім нұсқаулық бойынша жұмыс жасағаны анықталады. Нұсқаулықпен 
жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ортаға салынады. 
 «Ой жалғау» 
 
Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – 
көңілді, 3-топқа – юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс 
аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет