Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»


«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады



Pdf көрінісі
бет52/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады: 
 
• Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы 
бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.


67 
• Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы 
болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың 
дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек; 
• Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар 
тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін; 
• Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі; 
• Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау 
жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң, 
оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) 
жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4-20 
минут) 
«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия 
тәсілдері кеңінен қолданылады.

 «Ойлан, бірік, бөліс!» 
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп 
жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) 
және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» 

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды 


тыңғылықты 
орындауға 
бағытталған 
интербелсенді 
тәсіл. 
Тақтада 
сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін 
берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен 
жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз 
пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет