Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
80
мүмкін болады. Бір жағынан отбасы
мен қоғам жас ұрпақтың элитарлы
мәдениетке деген қызығушылығын
тудыратын негізгі субъектілер болса,
мемлекет сол элитарлы мәдениеттің
сапалығын қарастыратын және оның
дүниеге келуіне демеуші болатын басты
институт.
Әдістер
Мақалада авторлар егде жасқа жеткен
азаматтардың бейнесін әдебиет және
кино өнерінде сомдалуын талдап, сол
арқылы қарттардың әлеуметтік ортаға
сәтті бейімделуінің тәрбиелік шарттарын
анықтады. Бұл өнер саласында
бар туындылардың қажетті зерттеу
әдістерімен талдану жұмысы болды.
Сонымен қатар, авторлар таңдалып
алынған тақырыптың жаһанауи
маңыздылығын ескеріп, болашақ
зерттеушілерге қажетті негіз бола
алатындай қорытынды жасауға тырысты.
Атап айтқанда, шетелдік және отандық
туындылардың ішінде ең танымалдылары
таңдалып алынып, олардың тәрбиелік
мәні мен ұрпақтар сабақтастығында
латын орны туралы тұжырым жасалды.
Алынған деректердің нәтижелері
бойынша қарттардың бейімделу үдерісіне
оң және теріс әсер ететін факторларға
талдау жүргізілді. Жинақталған ақпарат
магистранттардың дипломдық жұмысына
қажетті материалдар қоры ретінде
қолданыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: