Егде жастағы адамдардың Қартаю



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата19.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#84635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Гипотеза 1
Жастардың қарт адамдарға деген 
құрметін қалыптастыру мәселесі 
болашаққа деген сеніммен қараудың 
негізгі факторы. Адам әлеуетін дамыту 
және Қазақстан халқының рухани 
жаңғыруы ұрпақтар арасындағы 
өзара әрекеттестіктің маңыздылығын 
анықтайды. Қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі 
жастардың үлкендерге құрмет көрсетуінің 
көрінісін әдебиет және кино өнері 
арқылы жеткізу ұрпақтар сабақтастығын 
қалпына келтіреді. «Әрбір ұрпақ өзара 
байланыс пен өзара тәуелді іс-қимыл 
үдерісінде ғана әлеуметтік қауымдастық 
ретінде қалыптасады. Яғни, жаңа буын 
тек алдыңғыға ғана емес, сонымен қатар 
алдыңғы буын да жастарға қолдау көрсете 
алады» (Яковенко, Ковалева).
Гипотеза 2
Жастар бойында егде жастағы адамдарға 
құрметпен қарауды қалыптастыру 
әлеуметтік институттардың, білім беру 
ұйымдарының, қоғам мүшелерінің 
мақсатты қызметін ұйымдастыру арқылы 


Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
80
мүмкін болады. Бір жағынан отбасы 
мен қоғам жас ұрпақтың элитарлы 
мәдениетке деген қызығушылығын 
тудыратын негізгі субъектілер болса, 
мемлекет сол элитарлы мәдениеттің 
сапалығын қарастыратын және оның 
дүниеге келуіне демеуші болатын басты 
институт. 
Әдістер
Мақалада авторлар егде жасқа жеткен 
азаматтардың бейнесін әдебиет және 
кино өнерінде сомдалуын талдап, сол 
арқылы қарттардың әлеуметтік ортаға 
сәтті бейімделуінің тәрбиелік шарттарын 
анықтады. Бұл өнер саласында 
бар туындылардың қажетті зерттеу 
әдістерімен талдану жұмысы болды. 
Сонымен қатар, авторлар таңдалып 
алынған тақырыптың жаһанауи 
маңыздылығын ескеріп, болашақ 
зерттеушілерге қажетті негіз бола 
алатындай қорытынды жасауға тырысты. 
Атап айтқанда, шетелдік және отандық 
туындылардың ішінде ең танымалдылары 
таңдалып алынып, олардың тәрбиелік 
мәні мен ұрпақтар сабақтастығында 
латын орны туралы тұжырым жасалды.
Алынған деректердің нәтижелері 
бойынша қарттардың бейімделу үдерісіне 
оң және теріс әсер ететін факторларға 
талдау жүргізілді. Жинақталған ақпарат 
магистранттардың дипломдық жұмысына 
қажетті материалдар қоры ретінде 
қолданыла алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет