Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы



Pdf көрінісі
бет22/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы 
бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалану 
Жоғарыда сипатталғандай, мектеп пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта 
оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталған. Оқу 
мақсаттары оқу бағдарламасы, оқу жоспары және «Қалыптастырушы бағалауға арналған 
тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралында көрстілген. Осы арқылы жоғарыда аталған үш 
құжатты біріктіруге болады. «Информатика» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау кезінде бұл 
үш құжаттың үшеуі де қолданылады. 
2-сурет. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлауда қолданылатын құжаттар 
Орта мерзімді жоспар
Пәннің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын 
ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі. 
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді 
жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда 
оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған 
(интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) Ұзақ мерзімді 
жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен 
бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған 
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді 
жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір 
тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 
2016). 
Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, яғни бөлімдерден тұрады, олардың 
әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны 
топтастырып бірден жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт 
ішінде, яғни тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар 
топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық 
қамтуға мүмкіндік береді. 
Орта мерзімді жоспардың алғашқы парағында осы бөлімді бастардың алдында 


38 
оқушылар біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша 
сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін, 
сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілі бір 
тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу пайдалы 
болмақ. Бұл ретте өз оқушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кез 
келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, жаттығуды сіздің 
жағдайыңызға анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен ауыстыру). 
Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатынын ескере отырып, белгілі бір 
жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне аз уақыт беру мәселесін де 
алдын ала шешіп алған дұрыс болады. Сабақ жоспарына орындау міндетті болып табылатын 
бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететін көмекші ретінде қараған 
маңызды, оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру мақсатында 
жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет