Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет30/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74
Бағалау критерийі білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, 
өлшем, негіздеме.
Белсенді оқу 
шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды 
қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді 
шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық 
салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен 
толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және 
көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың 
бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп 
санауға болады. 


49 
Біліктілікті 
арттыру 
курсының оқу 
жоспары 
біліктілікті арттыру курсы аясында әзірленетін оқу жоспары. Оқу 
жоспарында белгілі бір курс барысында зерделенетін тақырыптар, 
сондай-ақ, курс материалын оқыту мен оқуды ұйымдастырудың 
реті мен тәртібі, күн саны ұсынылады. 
Бірлескен оқу 
Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар 
арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, 
оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен 
қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп 
отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы 
жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу 
жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында 
бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің 
бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне 
негізделген. 
Графикалық 
органайзер 
білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды 
таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық органайзердің басты 
мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек 
ұсыну болып табылады. 
Дарындылық 
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – 
өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты 
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). 
Жалпы дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап 
психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы 
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, 
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». 
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық 
тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері 
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды 
болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен 
де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу – 
психологияның маңызды міндеті. 
Джигсо әдісі 
ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) 
әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты 
игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға 
тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны 
үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген 
сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін 
тыңдауды үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет