«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Экзистенциализм философиясындағы адам мәселесі



Pdf көрінісі
бет83/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   190
Байланысты:
Философия бак.

Экзистенциализм философиясындағы адам мәселесі 
Эссенциализм және экзистенциализм – философиядағы адам мәселесін 
түсінудің альтернативті тәсілдері. Экзистенциализмнің философиялық мәні. 
Экзистенциализм философиясындағы адамның атеистік және теистік 
концепциялары. «Экзистенция» – болмыстың ерекше адами тәсілі. 
М.Хайдеггердің экзистенциалдық онтологиясындағы адам мәселесі. 
Ж.П.Сартрдың «еркіндік философиясы». А.Камюдің абсурд, бүлік 
экзистенциализмі. 
Адамның психоаналитикалық концепциясы 
З.Фрейдтің психоаналитикалық концепциялары. Менталитет ұғымы. 
Ұжымдық бейсаналылық. Индивидуалды және ұжымдық бейсаналылықтың 
арақатынасы. К.Юнг: ұжымдық бейсаналылық архетиптері. Адамның 
психоаналитикалық концепциясы. Э.Фроммның психоанализі. Оның айнада 
бейнеленген психикалық дүние, миллион жылдарға ие сана ретінде 
түсінілетін «ұжымдық бейсаналылық» және мәдениет архетиптері туралы 
ілімі. Менталитет теориясы. Қоғам мен адамды түбегейлі өзгертудің 
персоналистік бағдарламасы. 
Философиялық-діни антропология 
М.Шелер:оның адамды философиялық қабылдаудың бес идеалды типі 
және адамшылықтың субстанциясын түсіну талпынысы туралы ілімі. 
Г.Плеснер және оның антропологияны құрудың методологиялық 
ұстанымдары. Адамды өзін-өзі шексіз өзгерту ретінде түсіну. Г.Плеснердің 
антропологиясы – философиялық-діни антропологияның мүмкін негіздемесі. 
Т.Шарден:адамның 
діни-философиялық 
концепциясы. 
А.Геленнің 
философиялық антропологиясының философиялық-діни мәселеге қатынасы. 
А.Гелен: адам – өмірдің субъективтік және объективтік қажетті 
шарттарының өзара байланысы. Тірі қалудың үш инстинктісі және адамның 
мінез-құлқының биологиялық механизмдері.
Адам  әлеуметтік пен биологиялықтың бірлігі 
Адамның пайда болуы (антропосоциогенез мәселесі). Адамның 
бойындағы әлеуметтік пен биологиялық мәселесі. Әлеуметтік биологияның 


95 
адамды зерттеуге қосқан үлесі. Этология және адам. Этнология және адам. 
Адам өмірінің мәні және оның өмір сүру құндылықтары мәселесі (бақыт 
және махаббат парадокстері). Ғаламдағы адам: кең және тар мағынадағы 
антроптық принцип. Өмірлік дүние – адам туралы философиялық ілімнің 
іргелі категориясы. Өмірлік дүние бағыттары (тағдыр, еркіндік, өлім). 
Өмірлік дүниенің типтері (тілектер дүниесі, мақсат дүниесі, құндылық 
дүниесі). Өмірлік шығармашылық әлеуметтік-мәдени феномен ретінде. 
Й.Хейзинганың ойын философиялық концепциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет