«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар



Pdf көрінісі
бет19/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша 
белгілі бір жағдайларын тудыру керек: 
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы; 
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл 
бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс; 
- тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ 
уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен 
әлсіздеу болуы; 
-жүйке жүйесінің маңызды бөлімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің 
дұрыс қалыпта болуы. 
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір 
жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз 
тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты 
тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру 
сезімін тудыратын әсерді пайдаланады. Балаларда шартты рефлекстерді тудыру 
үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе 
ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі 
кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты 
көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере 


қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр 
болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын 
ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді. 
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты 
тітіркендіргіш ретінде сөздің әері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті 
тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау 
керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді: 
1. Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және 
алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке" 
деп айтып отырып, әкесін көрсету керек. 
2. Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, 
айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. 
Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі 
мүмкін. 
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни 
баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет. 
Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен 
баланың сөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 
жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай 
баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Бара келе 
ол тәрбиешінің, теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, оқып 
үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет