Ф.7.03-23
12-дәрістің тақырыбы: Шартты рефлекстер туралы ілім. Рефлекстер
классификациясы
Жоспар:
1. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
2. Шартты рефлекстердін түрлері.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде,
сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің
тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады.
Олардың
рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми
сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің
кейбіреуі пайда
болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар
жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса (тәжірибенің
мақсатына қарай), шартты
рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған
шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер
пайда болған сыртқы
ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да,
жаңа жағдайда жаңа
рефлекстер туады, яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай
да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір
тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның
өзгермелі жағдайларына
бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының
даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады.
Барлық балаларда
шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (түрақты шартты
рефлекстерді)
бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің
дамуын біледі.
Достарыңызбен бөлісу: