түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен
құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі.
Жалпы сана сезіну және сана-сезімнен құралады. Сезіну дегеніміз ақиқат
болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту.
Сан-сезім дегеніміз – адамның өзін-өзі және өзінің психикалық күйін
түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашақда таптық,
топтық, қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сөйтіп әрбір сана қоршаған
әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден
тұрады. Сана мен таным процесінде эмоцияның мәні өте зор. Адам эмоция мен
сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге
адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың
практикалық қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды бір саласы – адам
ырқын құрайды. Ырық дегеніміз – қиындықтарды жеңуге арналған саналы,
мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талаптарын, мақсат- мүдделерін,
істерін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: