Өлшеуші қолқа тармақтары немесе жүректің қан айналым шеңбері.
Жүректің қанайналым шеңбері оның сол қарыншасынан басталатын өлшеулі
қолқаның түбінен шығатын жүректің екі :оң және сол жақ таждық
артерияларынан басталады .
Жүректің оң жақ таждық артериясы өрлеуші қолқаның жарты ай тәрізді
қақпақшасының оң жақ қойнауынан басталып , қолқа тамырды бойлап , жүрек
құлағының жанымен көтеріліп , жүректің орта тұсындағы таждық жүлгемен ,
оның оң жағын айналып , жүректің сыртына дейін созылады . Ол осы жерден
қанша аралық артқы тармақтарға бөлінеді . Бұл тамырлар жүректің ұшына жетіп ,
жүректің сол жақ таждық артерияларының тармақтарына жалғасады .
Жүректің оң жақ таждық артериясы оның оң құлақшасын азырақ алдыңғы
және барлық артқы қабырғаларын , қарынша аралық қарыншылардағы емізік
тәрізді бұлшықеттерді қорексіздендреді .
Жүректің сол жағтық артериясы өрлеуші қолқаның жарты ай тәрізді
қақпақшасы сол жақ қойнауынан басталып , таждық жүлгемен жүректің сол
жағын айналып ,сол құлақшаның алдына дейін созылады . Осы жерден екі
қарынша аралық алдынғы тармақ -тармаққа бөлінеді . Олардың біріншісі
қарыншаларға тармақталып жүректің ұшына жетеді де оң жақтық артерия
тармақтарына жалғасады . Иілген тармақ жүректің таждық жүлгесімен сол
жағына айналып , оң жақ таждық артериясына жалғасып , жүрек тамырларының
белгісін түзеді .
Жүректің сол жақ таждық артериясының тармақтары : сол жақ құлақшаны ,
қарыншаның барлық алдынғы және артқы қабырғаларын қаптап , қарынша
арқылы пердесі мен өкпе бағанасынан басталар белгісін қанмен жабдықтайды .
Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық
зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты
динамикалық құрылымы 7—10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде
жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арасында
ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің
нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда
өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша (көлемінен өзге) ересек адамның
жүрегіне ұқсас.
Жүрек жақтаулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эндокард, ортаңғы қабатт –
миокард және сыртқы қабат – эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі
астары болып табылады.
Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл соңдай мөлдір.
Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.
Эндокард жүректің ішкі жағын қаптап жатыр. Одан екі жақты жүрек
қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді әрі
аздаған өзгешелігі болады.
Жүрек жақтаушыларының анағұрлым күшті қабаты миокардында болып
табылады. Оның талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол
нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май
клеткалары жоқ.
7—12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы
салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан
жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей
өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11—12 жасқа
дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты
қатынас сақталады.
Жыныстық пісіп жетілуі кезеңінде жүрек қан тамырларынан гөрі жылдамырақ
өседі, сол себепті қан әлдеқайда жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды
оттегімен қамтамасыз етуге және нәрлендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан
қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауыруы, тез қалжырау
пайда болады. Бұл құбылыстар қызздарда анағұрлым күрт көрініс береді, өйткені
олардың жүрек салмағының өсуі ерте басталады да ертерек аяқталады. Ер балалар
жүрегінің жалпы салмағы қыз балалардікінен гөрі көбірек. Алайда, бұл
кұбылыстардың бәрі уақытша және олар жыныстық пісіп-жетілуі аяқталған соң
басылады.
Жасөспірімдер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері физкультура,
еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұхият есепке алынуға тиіс.
Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуден,
спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан бас тартқан дұрыс.
Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз
етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық
ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар.Жүректің жұмысына, миокарда да
патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді
пайдалану, аурулар (мысалы ревматизм), психиялық зардаптар әсер етеді. Бұдан
шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін
тигізеді. Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен
қарынша) сыйымдылығы бірте-бірте ұлғаяды. Бұл өсу әсіресе алғашқы жеті
жылда айрықша байқалады. Мәселен, жаңа туған сәбиден ол 2,4 мл-ге, 7
жастағыда — 23,0, 12 жастағыда — 41,0, ересек кісіде — 60,0 мл-ге тең.Сыртқы
түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының
қалыңдығы, жүректегі тесіктердің көлемі бойынша біраз айырмашылықтары
болады.Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты,
бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни
анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі
жағынан да өзгеріске ұшырайды.
4.Жүректің жұмысы. Артерияға ырғақты түрде қайталанып отыратын қан айдау
— жүректің функциялық қызметінің негізі. Ол жүрек қалқаншалары мен
қарыншаларының рет ретімен жиырылуы мен босаңсуының арқасында жүзеге
асады.
Жиырылу кезеңі систола, ал босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек
жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып
отыруы жүрек циклі немесе дәлірек айтқанда жүрек жұмысының циклі деп
аталады.
Жүрек қызметінің үш фазасы болады: 1) жүрек қалқаншасының систоласы, бұл
кезде қан қалқаншадан босаң қалыпта ұрған қарыншаға түседі; 2) қарынша
систоласы, бұл кезде систола фазасындағы қан қарыншалардан қолқа мен өкпе
артериясына айдалады (бұл кезде қалқаншалар босаңсиды); 3)жалпы үзіліс, бұл
кезде жүрек тыныш қалыпта болады. Осы кезде босаңсыған ірі вена
тамырларынан қан келіп түседі. Жалпы үзілістен кейін жүрек жұмысының жаңа
циклі басталады.
Жүрек жұмысы циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 секундқа, 12 жастағыда
— 0,75, ал үлкен адамда — 0,8 секундқа тең, 6—7 жасар баланың жүрегі
минутына 95—100 рет, 12 жастағыда 80—90, ал үлкен адамда 68—70 рет
жиырылады.
Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді.
Жүректіқ бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систоликалық немесе
жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бала жүрегі камерасының сыйымдылығы
ересектерінен кішірек болғандықтан олардағы систоланың көлемі де аз. Оның
мейлінше улғаюы өтпелі кезеңде байқалады.
Бір минутттағы барлық систоланың көлемі жүректің минуттық көлемін құрайды.
7 жасар балада ол 2120 мл-ге, 12 жасарда — 2740 және үлкен кісіде 4080-нен —
5600 мл-ге дейінге тең. Мұның үстіне жүректің минуттық көлемі өсіп келе жатқан
организмнің тканьдері пайдаланатын оттегіне салыстырмалы түрде
пропорционалды.
Қарыншалардың систоласы кезінде жүрек көлденеңнен кішірейеді, оның төбе
жағы қысылады, жоғары көтеріліп кеуде клеткасының алдыңғы жағына соғылады.
Бұл құбылыс жүрек дүрсілі деп аталады. Оның сол жақ кеудедегі IV қабырғаның
аралығына алақанды қою арқылы сезуге болады. 7—8 жасар балаларда сондай-ақ
ашаң адамдарда оны көзбен-ақ көруге болады.
Жүрек жұмысының ырғағы. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі,
кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек
жұмысының ырғағы деп аталады.
Қолды көкірекке қойып жүректің бір минуттағы жиырылысын есептеуге немесе
электрокардиографтың, көмегімен оның жұмыс ырғағын жазып алуға болады.
Кейде ырғақ сирек – минутына 40-50 жиырылады (брадикардия) немесе,
керісшше жиі – минутына 100-ден аса (тахикардия) жиырылады. Брадикардия
көбінесе шыныққан спортшыларда, ал тахикардия күшті дене еңбегі кезінде,
корқынышты бастан өткергенде кездеседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда нервінің тежегіш әсері ересектерге қарағанда
аз, сондықтан оларда жиырылу ырғақ анағұрлым жиі, 7—3 жасқа карай ол жүрек
бұлшық еті мен қан тамырларының парасимпатикалық нервтену дамуының
аяқталуына байланысты анағұрлым біркелкі бола бастайды.
Электрокардиография. Электрокардиограммада жазудың тәсілі (ЭКГ) жақсы
ойластырылған әрі қарапайым келеді. Электрокардиограммада тісшеліер мен
арақашықтьтқты түсіндіру (расшифровка) әлдеқайда қиын (80-урет). Бұны арнайы
дайындықтан өткен дәрігерлер жасайды.
Мұғалімдер мен педагог-тәрбиешілердің кейде дайын ЭҚГ-ге тап болатын
кездері болады. Оларға жүрек жұмысының сипаты мен денсаулықты бағалауда
ЭКГ-нің ролін білу көптік етпес еді.
Миокардадағы қозудың пайда болуы, ұлғаюы және тоқтауын ЭКГ арқылы
түсіндіретін теория едәуір кең таралған. ЭКГ-нің графикалық жазуының өзіндік
түрі болады, белгілі бір тісшелер мен арақашықтарға жүректің соларға сай келетін
жай-күйі тән болады.
ЭКГ-нің эволюциялық жане клиникалық түсіндірулерінің және жүрек циклінің
фазаларының мәліметтері жүрек жұмысындағы үзіліс оның жиырылу жиілігі
секілді адам өмірінің ұзақтығына тікелей қатысы бар.
Демек, спорт жаттығуларын өткізгенде, балалар еңбегін ұйымдастырғанда немесе
олардың денсаулығының жай күйіне бақылау жасағанда систола мен диастолаға
ғана емес, жүрек жұмысындағы үзілісіне де көңіл аудару керек. Өйткені бұл
кезеңде жүрек қуысы қанға толып, тамырларға айдалатын қанның көлемі
көбейтіледі.
Демек, тыныштық фазасын жүрек қызметі мен жалпы организмнің мүмкін
болатын бұзылуының «қайнар көзі» болуы ықтимал.
Жүректің өздігінен жұмыс істеуі. Органның, ткань мен клеткалардың сыртқы
тітіркендіргішерінсіз өздерінде пайда болатын импульстердің әсерімен қозуы
оның өздігінен жұмыс істеуі деп аталады. Бұл қасиетті жануардың жүрегін бөліп
алып және белгілі бір жағдайлар жасап (ауа, тамырлар арқылы жүретін
ертінділердің температурасы) көз жеткізуге болады. Аритмияны жүректегі
өткізгіш жүйе арқылы түсіндіруге болады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек бұлшық етіндегі типсіз клеткалар мен Пуркинье
ұлпалары (зерттеген ғалымның атымен аталған) жүректің өткізгіш жүйесін
кұрайды. Оның бас жағы синус түйіні жоғары қуыстағы венаның төменгі етегіне
орналасқан.
Синус түйінінде пайда болатын импульстер жүрекше-қарынша түйініне тарайды,
сонан соң екіге тармақталып жатқан жүрекше-қарынша шоғырына жетеді,
сонан соң миокардамен қарыншадағы бүртік тәріздес бұлшық еттермен
байланыс жасайды. Бұл бір мезгілде ең әуелі жүрекшенің сонан соң
қарыншалардың және осы фазалардын белгілі бір уақыттан соң ырғақты түрде
қайталанып отыруын қамтамасыз етеді.
Әрбір қозудан (жиырылудан) соң жүрек қозбайтын күйде болады. Қозбайтын
кезең жүрек жұмысының үзілісіне сай келеді. Жүрек жұмысындағы барлық
үзілісті есептейтін болсақ, ол тәулігіне 8 сағаттай дем алады.
Жүрек қызметінің нервтік реттелуі. Жүрек жүмысын реттеуге нерв жүйесі
белсене қатысады. Парасимпатикалық өсінділер арқылы жүретін импульстер
жүректі әлсіретеді және оның соғысын баяулатады. Мұндай кезде, жүректің күші
азайып жиырылуы сиректейді, кейде тіпті тоқтап та қалады. Симпатикалык
өсінділердің импульстері күшейтпелі және жылдамдатушы әрекет береді.
Гуморальды реттелу. Жүректің қызметіне қанда, организмнің басқа
сұйықтықтарында еріген заттар әсер етеді. Бұны гуморальдық реттелу дейді.
Мысалы, бүйрек үсті гормоны адреналин қанға табиғи түрде-немесе қолдан
ендірілсе жүректің жиырылуын күшейтеді, яғни симпатикалық нерв сияқты
әрекет етеді; организмнің көптеген тканьдерінде кұралатын ацетилхолин жүректің
жиырылуын баяулатады, яғни кезеген нерв секілді әрекет етеді.
Жүрек қызметін реттейтін орталық сопақша, аралық мида және жарты
шаралардың маңдай бөлігінде орналасқан. Қанда еріген заттардың әрекеті қан
тамырларының рецепторлары арқылы жүзеге асатынын ескерсек, онда жүрек
қызметінің гуморальдық реттелуі – нервтік регуляция деген сөз.
Жүрек-қан тамырларының қызметі әр түрлі тітіркендіргіштердің импульстеріне
орай өзгеріп отырады (жылу, суық, ауру және т. с. с). Бұл импульстер ми
орталығына, сонан соң эфферентті өсінділер арқылы жүрек бұлшық етіне
беріледі, олардың жұмыс ырғағы өзгереді, яғни бүкіл жүректің жұмысы өзгереді.
Қан қысымы. Жүректен қолқаға айдап шығарылған қан оның кенересіне сынап
бағанасы бойынша 150—160 мм күш түсіреді. Қолқаның тарамдалып кетуіне
байланысты және тарамдар қосындысының өсуіне орай артериядағы қысым 120
мм дейін, артерияларда — 40 мм дейін, жүрекпен бір деңгейде жатқан
капиллярларда 15—20 мм дейін төмендейді. Кеуде қуысына жақын жатқан
венадағы қанның қысымы атмосфералық қысымға жақын, бірақ ол тыныс алу
актісінің фазасьша тәуелді. Мәселен, тыныс алынғанда ол төмендеп теріске
айналады. Кәдімгі тыныс шығаруда жоғарылайды (сынап бағанасымен 2—5 мм-
ден көп емес).
Терең тыныс шығару (әсіресе, күшенгенде) қуыс веналардағы қысымды
арттырады, бұл қарын қуысының және аяқ-қолдың веналарынан келетін қанның
жүрекке түсуін қиындатады. Бұл артериялық қысымды азайтады, тым қатты
күшенгенде адамды естен тандыруы мүмкін.
Демек қан тамырларындағы қысымның айырмашылығы, кеуде қуысының сору
күші қан айналымына жағдай жасайды. Шеткі тамырлардағы қанның қысымы
жүрек жұмысының фазасына тәуелді. Қарыншалардың систоласында ол мейлінше
жоға\ры, ал диастолада мейлінше төмен болады.
Қанның қысымы екі цифрмен белгіленеді: жоғары цифр ең жоғарғы немесе
систолалық қысымды, ал төменгі цифр ең төменгі немесе диастолалық қысымды
көрсетеді. Өлшеуді артерияда жүргізгендіктен ол артериялық қысым деп аталады.
Алайда, қысымды артерияда ғана емес, венада да өлшеуге болады. Бірақ ол үшін
әлдеқайда күрделі аппарат қажет. Адамның, артериялық қысымы тәулік ішінде
құбылып отырады. Мәселен, ол ұйқы кезінде төмендейді, ал жұмыс үстінде және
қатты қорыққанда жоғарылайды. Бірақ оның орташа көрсеткіші мейлінше
тұрақты. Мысалы, 7—8 жасар балаларда ол сынап бағанасы бойынша 99/64 мм,
12 жастағыларда — 105/70, 13—15 жастағыларда — 107/73, және ересектерде
(20—40 жастағы) — 110/80 мм. Оның үстіне ер балаларда 5—9 жаста артериялық
қысым қыз балаларға қарағанда жоғары, ал 9—14 жаста керісінше жыныстық
пісіп-жетілудің басталумен ер балалардың қан қысымы қыз балалардікінен едәуір
жоғары бола бастайды. Қыздар мен боз балалардың (17—19 жас) қан қысымы
ересектердің нормасына жуықтайды (110/75 мм, сынап бағанасы бойынша). Қан
айналымының бұзылуына байланысты сырқаттанғанда, сондай-ақ сұйықты көп
ішкенде қан қысымы өзгереді. Кей жағдайларда ол жоғарылап гипертонияға
әкеліп соқса, кейде төмендеп гипотония тудырады. Қатты қалжыраған кезде де
гипотония байқалады.
Гипертония мен гипотония көптеген себептерге байланысты ересектерде,
балаларда жиі кездереді.
Тамырдың соғуы. Жүректің әрбір жиырылған кезіндегі артерия кенересінің
ырғақты кұбылуы тамырдың соғуы деп аталады. Мұндай кезде тамыр кенересінің
серпімділігінің арқасында қан тамыірлары созылады, ал қанның кернеуі жоғалған
диастола кезінде қайтадан тарылады.
Тамырдың соғуың сезінуге болады. Бұл үшін әдетте білектегі күре тамырды
пайдаланады. Тамырдың соғуы жүректің соғуына әрқашан сәйкес келеді.
Жаңа туған нәрестенің тамыры минутына 130 рет, 7-10 жастағы балалардікі — 85-
90, 14-15 жастағы жасөспірімдердікі — 75-80, ересектердікі 68—70 рет соғады.
Тамыр соғуының жиілігі кейде нерв жүйесі симпатикалық бөлімнің тітіркенуіне
және зат алмасудың анағұрлым жиілігіне байланысты. Қыздардың тамыры әдетте
ер балалардан гөрі жиірек соғады (5—10 рет). Күш түскенде, қозғалысты ойын
үстінде гимнастикамен айналысқанда т. б. тамырдың соғуы артады. Күш түсіп
болғаннан кейін тамырдың соғуы, неғұрлым тезірек қалпына түссе, соғұрлым
жүректің төзімді болғаны.
Қан ағысының жылдамдығы. Қан айналымы жүйесінде бір
мезгіл аралығында барлық артерия, капиллярлар мен веналар арқылы бірдей
мөлшерде қан ағып өтеді. Жылдамдық қан арнасының кең немесе тарлығына
байланысты. Мәселен, ірі артерияларда ол секундына 50 см, веналарда — 20 см,
ал капиллярларда—0,5 мм.
Артериядағы қан жылдамдығының жоғары болуы оның айналу жылдамдығын
қамтамасыз етіп, тканьдерді нәрлі заттармен және оттегімен жабдықтауға
мүмкіндік береді. Капиллярларда қанның баяу ағуы ткань аралық зат алмасуға
жағдай жасайды, яғни тканьдерге қажетті заттар беріліп, организмге қажет емес
заттар әкетіледі.
Туа біткен және кейін жүре пайда болған қан айналудың бұзылулары
Адамның жүрек қан тамырлары қызметінің бұзылуын туа біткен және жүре пайда
болған деп бөлу қалыптасқан. Туа біткен жүрек ақаулары мен қан тамырларының
дамуындағы алшақ кетушілік салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Ал жүре
пайда болған, яғни өмір бойы өрістеген ақаулар (ырғақсыздық, венаның кеңеюі,
аневризм, ревматизмнің салдары) анағұрлым жиі кездеседі. Туа біткен көптеген
жүрек қан тамырлары жүйесінің ақаулары хирургиялық жолмен емделеді.
Жасөспірімдердің жыныстық кемелденуі кезеңінде жүрекқан тамырлары
жүйесінің жұмысының уақытша бұзылуы байқалады. Бұл ішкі секреция
бездерінің қайта құрылуына байланысты. Кейбір дәрігерлер организмдегі мұндай
өзгерістерді оның толық сау еместігі деп санайды, ал мұның өзі жасөспірімді
үрейлентіп алуы мүмкін. Алайда, төменгі класс оқушыларының жүрегі көптеген
ересектердікінен гөрі әлдеқайда таза. Ол никотинмен, ішімдікпен уланбаған,
психикалық жағынан жарақаттала қоймаған және организмге сыртқы ортадан
түсетін бактериялардың әрекеттеріне азырақ ұшыраған болып келеді. .
Балаларда жүрек пен қан тамырларының мықтылығын төмендететін инфаркт,
жүрек бұлшық етінің склерозы және басқа бұзылулардың болмайтындығын
бақылаулар көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |