күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлайды, тіпті
тоқтап та қалады.
Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағдайда да пайда бола
береді. Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын әсер етеді.
Мұны у а қ ы т қ а деген шартты рефлекс деп атайды. Бүл жағдайда уақыт шартты
тітіркендіргіштің ролін атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің
соғуының
өзгеруі немесе тыныстың тарылуы, немесе тамақ қабылдау кей кезде таңның
атуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш есебінде әсер етеді.
Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз,
бұрын шартты тітіркендіргіш
ретінде пайдаланып, ұзақ мерзім шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты
әсерді пайдалану арқылы да пайда болады. Оны е к і н ш і д ә режелі рефлекс
дейді. Бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған әсерлерді шартсыз
тітіркендіргіштің орнына жұмсау арқылы ү ш і н ш і , т ө р т і н ш і шартты
рефлекстерді тудыруға болады.
Шартты рефлекс топты тітіркендіргіштерге де туады. Мүндайда бейтарапты
тітіркендіргіштер
бірінен соң бірі әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз
тітіркендіргіш пен бекітіледі. Ондай рефлекстерді к о м п л е к с т і шартты
рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған
рефлекстер тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: