Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-бөлім. № 2-ДОЗ нысанын толтыру тәртібі



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

3-бөлім. № 2-ДОЗ нысанын толтыру тәртібі
31. №2-ДОЗ нысанына жоспарланатын жоғары сәулеленумен және 
радиациялық авария нәтижесіндегі сәулеленумен байланысты жеке дозалар 
енгізіледі.
32. Персоналдың рұқсат етілетін тиімді дозасынан (жылына 20 мЗв) асып 
кеткен жағдайда, ескертпеде себебі, жоғары доза қай кезеңде және кім, қандай 
жағдайларда (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы, тұратын жері) алғанын, 
ұйымның толық атауы (пошталық мекенжайы), әсер ететін иондаушы сәулелену 
түрі, жүргізілген іс-шаралар және тексеру бойынша ұсынымдар көрсетілуі қажет.
33. Нысан жыл сайын персоналдың жоспарланатын жоғары сәулеленуінің 
және радиациялық авария жағдайындағы сәулеленудің, сондай-ақ есепті жылы 
авариялық сәулеленуге ұшыраған адамдардың жеке дозаларын өлшеу немесе 
есептеу нәтижелері бойынша толтырылады.
34. Халықтың авариялық сәулелену дозалары осы радиациялық авариядан 
кейінгі бірінші жылға қатысты нысанға енгізіледі. Кейінгі жылдарда өткен 
радиациялық авариялар есебінен халықтың сәулелену дозалары енгізілмейді.
35. Нысанды толтыратын жеке немесе заңды тұлғалар уақытша іссапарға 
келген адамдарды да есеп беруге енгізеді.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
36. Авариялық сәулеленуге ұшыраған адамдарды анықтауды және 
радиациялық авария болған кәсіпорын персоналының жеке сәулелену дозаларын 
бағалауды аумақтық бөлімшелер және (немесе) аварияның себептерін тексеретін 
тиісті комиссия жүргізеді. Бұл жұмысқа аварияның көлеміне байланысты 
аварияның салдарларын жоятын тиісті министрліктер және ведомстволардың 
мекемелері (кәсіпорындары) де қатыса алады.
37. «Есеп беретін ұйым атауы» деген жолда ешбір қысқартуларсыз 
ұйымның толық атауы жазылады. Ұйымның толық атауынан кейін ұйымның 
ресми қысқартылған атауы болса, ол жақшаның ішіне жазылады.
38. «Пошталық мекенжайы» деген жолда есеп беруші ұйымның пошталық 
индексі және толық пошталық мекенжайы көрсетіледі.
39. «Есеп беретін ұйымның коды» деген жолда ұйымды тұрақты кодтауды 
аумақтық бөлімшелер құрастырады (түсіндіруді ескертпеде көрсету керек).
40. «Есеп беретін ұйым өзінің қызметін жүзеге асыратын аумақтың коды» 
деген жол осы Санитариялық қағидаларға қосымшаның 1-кестесі бойынша 
көрсетіледі.
41. «Есеп беретін ұйым қызметінің коды» осы Санитариялық қағидаларға 
қосымшаның 2-кестесінде белгіленген.
42. 1-бағанда «А» тобындағы персоналдың және халықтың реттік нөмірі 
көрсетіледі.
43. 2-бағанда қызметкердің тегі, аты әкесінің аты (бар болса) толық 
жазылады. Бағанды қызметкердің атының бірінші әріптерімен толтыруға жол 
берілмейді.
44. 3-бағанда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
45. 4-бағанда қызметкердің туылған күні көрсетіледі. Ол нүкте арқылы 
бөлінген туылған күніне, айына және жылына сәйкес келетін сандармен 
толтырылады. Бұл ретте күні және айы екі санмен (10-ға дейінгі санның алдына 
нөл қойылады), ал жылы төрт таңбалы санмен толық жазылады (мысалы: 
12.05.1984).
46. 5-бағанда қызметкердің жынысы жазылады: «Ер», «Әйел».


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
47. 6-бағанда қызметкердің мәртебесіне сәйкес Санитариялық қағидаларға 
қосымшаның 3-кестесі бойынша кодтар көрсетіледі.
48. 7-бағанда иондаушы сәуле түріне сәйкес Санитариялық қағидаларға 
қосымшаның 4-кестесі бойынша таңдалатын кодтар көрсетіледі. Бұл ретте, 1-6 
реттік нөмірлерге дейінгілер иондаушы сәулеленудің әр түрлерімен сыртқы 
сәулеленуге, ал реттік нөмірі 7-ші – жұмыскерлердің азғасына радионуклидтердің 
түсуі есебінен ішкі сәулеленуге жатқызылады.
49. 8-бағанға есепті жылы (мЗв) жұмыскердің сыртқы сәулеленуін жеке 
дозиметриялық бақылаудың ресми деректері енгізіледі. Жеке дозиметриялық 
деректемелері болмаған кезде, бағанға жылдық бағалау дозасын есептік әдіспен 
алынған маңызы бар дозаны енгізуге жол беріледі.
50. 9-бағанға есепті жылы (мЗв) жұмыскердің ішкі сәулеленуін жеке 
дозиметриялық бақылаудың ресми деректері енгізіледі. Персоналдың ішкі 
сәулеленуінің жылдық тиімді дозасын ашық күйдегі радиоактивті заттармен 
жұмыс істеу кезінде есепке алады және өндірістік үй-жайлардың жұмыс 
аймағының ауасындағы немесе жеке сынама алғыштарды пайдалана отырып 
тыныс алу аймағындағы радионуклидтердің көлемдік белсенділігін өлшеу, 
адамның сәулеленуін есептегіштің көмегімен ағзадағы радионуклидтерді тікелей 
өлшеу және (немесе) бөлінділердің биосубстраттарын талдау нәтижелері 
бойынша анықтайды.
51. 10-бағанда сәулелену көзі әсеріне ұшыраған ағзаның немесе тіннің 
түріне сәйкес Санитариялық қағидаларға қосымшаның 5-кестесі бойынша кодтар 
көрсетіледі. Бұл ретте, доза шегі Гигиеналық нормативтерде белгіленген ағзалар 
(тіндер) үшін ғана мәліметтер енгізіледі.
52. 11-бағанға персоналдың көз бұршағындағы, терідегі, қолдың буыны мен 
табандарындағы, іштің төменгі бөлігіндегі (45 жасқа дейінгі әйелдер үшін) осы 
ағзалардың жеке дозиметриясы нәтижесінде алынған эквивалентті доза (мЗв) 
мәндері енгізіледі.
Бұл мәліметтер тек жоғарыда аталған ағзалардағы эквивалентті дозаны 
бақылау қажет болатын және жүргізілетін жағдайларда ғана енгізіледі.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Эквивалентті дозалар Қазақстан Республикасының аумағында 
қолданылатын арнайы әдістемелік құжаттарға сәйкес анықталуы тиіс органдар 
(тіндер) үшін ғана анықталады.
53. 12-бағанға Санитариялық қағидаларға қосымшаның 6-кестесі бойынша 
үш позициядан тұратын код енгізіледі.
54. Нысанға есепті жылы екі рет жоспарланатын жоғары сәулеленуге 
ұшыраған «А» тобындағы персоналға жататын адам үшін жылдық жеке дозаның 
мәні енгізіледі. Ол үшін 12-бағанға «1П2» коды қойылады.
55. № 2-ДОЗ нысаны 2-кестесінің тиісті позицияларына мыналар енгізіледі:
1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда Санитариялық қағидаларға осы қосымшаға 1-кестесі бойынша 
облыс кодтары көрсетіледі;
3) 3-бағанда сәулелену көзін пайдаланатын ұйымдардың орналасқан 
аудандары (түсіндірілуін ескертпеде көрсету керек) көрсетіледі;
4) 4-бағанда сәулелену көзін пайдаланатын ұйымның коды (түсіндірілуін 
ескертпеде көрсету керек) көрсетіледі;
5) 5-бағанға Санитариялық қағидаларға осы қосымшаға 2-кестесі бойынша 
ұйымның қызмет түрлері көрсетіледі;
6) 6-7-бағандарда ашық сәулелену көзімен жұмыс істейтін персоналдың 
жалпы саны көрсетіледі;
7) 8-9 бағандарда жабық сәулелену көзімен жұмыс істейтін персоналдың 
жалпы саны көрсетіледі;
8) 10-11-бағандарда генерациялайтын сәулелену көзімен жұмыс істейтін 
персоналдың жалпы саны көрсетіледі;
9) 12-17-бағандарда персоналдың жас ееркшелігі бойынша ең төмен және ең 
жоғары ауқымдағы алған тиімді дозасы мЗв-пен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет