Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет2/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-275/2020
бұйрығымен бекітілген
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі 
– Cанитариялық қағидалар) радиациялық объектінің жер учаскесін таңдау, 
жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдалануға енгізу, пайдалану 
және пайдаланудан шығару, иондаушы сәулелену көздерімен (жабық және ашық 
радионуклидтік көздермен, радиоактивті заттармен, радиоизотопты аспаптармен, 
иондаушы сәуле тудыратын құрылғылармен) жұмыс істеу, радиоактивті 
қалдықтармен жұмыс істеу, радионуклидтермен ластанған немесе олар 
құрамында бар материалдар мен бұйымдарды қолдану, радиациялық бақылауды 
жүзеге асыру, жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын қолдану кезінде, 
медициналық сәулелену, табиғи иондаушы сәулелену көздерінің әсер етуі және 
радиациялық авариялар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Санитариялық қағидалар:
1) радиациялық объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі 
жөндеу, пайдалануға енгізу, пайдалану және пайдаланудан шығаруды, 
радиоактивті заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерін шығару, өндіру, 
сақтау, пайдалану, тасымалдауды;
2) радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау және 
көмуді;


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) әсері иондаушы сәулелену көздерін және иондаушы сәулеленуді 
генерациялайтын қондырғыларды (көз) пайдалануға негізделген аспаптарды, 
қондырғылар мен аппараттарды монтаждау, жөндеу және реттеуді;
4) иондаушы сәулеленудің техногенді көздерін радиациялық бақылауды 
жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Санитариялық қағидалар сондай-ақ адамдардың табиғи иондаушы 
сәулелену көздерімен сәулелену деңгейі қызметіне байланысты болатын жеке 
және заңды тұлғаларға және радиоактивті заттармен ластанған аумақта 
жұмыстарды орындайтын ұйымдарға қолданылады.
3. Осы Cанитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайданылады:
1) ағзадағы немесе тіндегі доза (бұдан әрі – 
) – адам денесінің белгілі бір 
D
ағзасындағы немесе тініндегі орташа сіңірілген доза:
мұнда: 
– ағзаның немесе тіннің массасы;
m
D – dm массасының элементіндегі сіңірілген доза;
2) авариялық сәулелену – ядролық немесе радиациялық авария 
нәтижесіндегі сәулелену;
3) араласу – сәулелену ықтималдығын не сәулелену дозасын немесе 
сәулеленудің қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған іс-қимыл;
4) араласу деңгейі (бұдан әрі – АД) – созылмалы немесе авариялық 
сәулелену ахуалдарының пайда болу жағдайларында қорғаныш немесе авариядан 
кейінгі шаралар қабылданатын, қол жеткізілген кезде жол берілмейтін дозалар 
шамасы;
5) арнайы контейнер – еркін ашуға болмайтын жүктерді арасында қайта 
тиеусіз, орамаланған немесе орамаланбаған жүктерді бір немесе бірнеше көлік 
түрімен тасымалдау үшін конструкцияланған көлік жабдығы, көп рет қолдану 
мақсатында қатты және берік жасалады. Арнайы контейнерлер ретінде үлкен жүк 
контейнерлері және көліктік орама жиынтықтары болуы мүмкін;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет