Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-бөлім. № 1-ДОЗ нысанын толтыру тәртібі



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

2-бөлім. № 1-ДОЗ нысанын толтыру тәртібі
8. Жыл сайын «А» және «Б» тобындағы персоналдарды жеке 
дозиметриялық бақылау нәтижесі бойынша № 1-ДОЗ нысандары толтырылады.
9. «А» тобындағы персоналдарда жеке дозиметриялық бақылау деректері 
болмағанда тиісті бағанға есептік әдіспен алынған деректер енгізіледі. «Б» 
тобындағы персоналдарда аспаптық өлшеулердің деректемелері болмағанда 
нысан толтырылмайды.
10. № 1-ДОЗ нысанын толтыратын жеке немесе заңды тұлғалар есепті 
жылда сондай-ақ «А» тобындағы персоналын уақытша іссапарға жіберілген 
адамдарды есептерге қосады.
11. «Ұйымның атауы» жолында ешбір қысқартусыз ұйымның толық атауы
пошталық индексі бар толық пошталық мекенжайы көрсетіледі. Ұйымның толық 
атауынан кейін жақшада егер ресми қысқартылған атауы бар болса, сол атауы 
көрсетіледі.
12. «Пошталық мекенжай» деген жолда есеп беретін ұйымның пошталық 
индексі, мекен-жайы көрсетіледі.
13. Нысанның тиісті бағандарға сыныптама бойынша ұйымның коды 
ретімен енгізіледі (ұйымның тұрақты кодтарын аумақтық бөлімшелер 
құрастырады).


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
14. «Есеп беретін ұйым өзінің қызметін жүзеге асыратын аумақтың коды» 
деген жолда Санитариялық қағидалардың осы қосымшасының 1-кестесі бойынша 
көрсетіледі;
15. «Есеп беретін ұйым қызметі түрінің коды» деген жол Санитариялық 
қағидалардың осы қосымшасының 2-кестесі бойынша көрсетіледі.
16. 1-кесте 2-бөлімнен тұрады: персоналдар туралы мәліметтер (2 – 6 
бағандар), сәулелену туралы мәліметтер (7 – 11 бағандар).
17. 1-бағанда – «А» тобы персоналы адамдарының реттік нөмірі көрсетіледі.
18. 2-бағанда – қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) толық 
көрсетіледі. Бағанға қызметкер атының бірінші әріптерін жазуға жол берілмейді.
19. 3-бағанда – қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
20. 4-бағанда – қызметкердің туған айы, күні, жылы жазылады. Ол туған 
күніне, айына және жылына сәйкес келетін, нүктелермен бөлініп тұратын 
сандармен толтырылады. Бұл ретте күні мен айы екі санмен қойылады (10-ға 
дейінгі санның алдына нөл қойылады), ал жылы толық төрт таңбалы санмен 
көрсетіледі (мысалы: 12.05.1984).
21. 5-бағанда – қызметкердің жынысы жазылады: «Ер», «Әйел».
22. 6-бағанда – қызметкердің мәртебесіне сәйкес Санитариялық қағидаларға 
осы қосымшаға 3-кестесі бойынша анықталатын кодтар көрсетіледі.
23. 7-бағанда – иондаушы сәуле түріне сәйкес Санитариялық қағидаларға 
осы қосымшаға 4-кестесі бойынша таңдалатын кодтар қойылады. Бұл ретте 
бірден алтыға дейінгі реттік нөмірі барлар иондаушы сәулеленудің әртүрлі 
түрлерімен сыртқы сәулеленуге жатады, ал жетінші – жұмыскерлердің ағзасына 
радионуклидтердің түсуі есебінен ішкі сәулеленуге жатады.
24. 8 баған – есепті жылы (мЗв) жұмыскердің сыртқы сәулеленуінің жеке 
дозиметриясының ресми мәліметтері бойынша толтырылады. Жеке 
дозиметриялық деректемелері болмаған кезде бағанға жылдық бағалау дозасын 
есептік әдіспен алынған маңызы бар дозаны енгізуге жол беріледі.
25. 9-баған есепті жылы (мЗв) жұмыскердің ішкі сәулеленуінің жеке 
дозиметриясының ресми мәліметтері бойынша толтырылады. Персоналдың ішкі 
сәулеленуінің жылдық тиімді дозасын ашық күйдегі радиоактивті заттармен 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
жұмыс істеу кезінде есепке алады және өндірістік үй-жайлардың жұмыс 
аймағының ауасындағы немесе жеке сынама алғыштарды пайдалана отырып 
тыныс алу аймағындағы радионуклидтердің көлемдік белсенділігін өлшеу, 
адамды сәулелеу есептегішінің көмегімен ағзадағы радионуклидтерді тікелей 
өлшеу және (немесе) бөлінділердің биосубстраттарын талдау нәтижелері 
бойынша анықтайды.
26. 10-бағанда сәулелену көзінің әсеріне ұшыраған ағзаның немесе тіннің 
түріне сәйкес Санитариялық қағидаларға осы қосымшаға 5-кесте бойынша 
анықталатын кодтар көрсетіледі. Бұл ретте доза шегі Гигиеналық нормативтерде 
белгіленген ағзалар (тіндер) үшін ғана мәліметтер енгізіледі.
27. 11-бағанға персоналдың көз бұршағындағы, қолдың буыны мен 
табандарындағы, іштің төменгі бөлігіндегі (45 жасқа дейінгі әйелдер үшін) осы 
ағзалардың жеке дозиметриясы нәтижесінде алынған эквивалентті доза (мЗв) 
мәндері жазылады. Бұл мәліметтер тек жоғарыда аталған ағзалардағы 
эквивалентті дозаны бақылау қажет болатын және жүргізілетін жағдайларда ғана 
енгізіледі.
28. Егер сыртқы немесе ішкі сәулеленуді не ағзадағы (тіндегі) дозалар 
өлшенген шама қолданылатын өлшеу құралы үшін метрологиялық белгіленген ең 
аз өлшенетін мәннен аз болса, онда тиісті бағанға (8, 9, 11) «0» мәні қойылады. 
Бұл ретте 10-бағанға сызықша «-» енгізіледі.
29. Жоғарыда аталған сәулелену түрлерінің біреуі тіркелген болса, бірақ 
тиісті дозаның сандық мәні белгісіз болса, тиісті бағанға (8, 9, 11) доза 
шамасының орнына «-1» коды қойылады.
30. 2-кестенің тиісті торларына мыналар енгізіледі:
1) 1-бағанғда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда Санитариялық қағидалар осы қосымшаның 1-кестесі бойынша 
облыс кодтары көрсетіледі;
3) 3-бағанда сәулелену көзін пайдаланатын ұйымдардың орналасқан 
аудандары (түсіндірілуін ескертпеде көрсету керек) көрсетіледі;
4) 4-бағанда сәулелену көзін пайдаланатын ұйымның коды көрсетіледі 
(түсіндірілуін ескертпеде көрсету керек);


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
5) 5-бағанда Санитариялық қағидаларға осы қосымшаға 2-кестесі бойынша 
ұйымның қызмет түрлері көрсетіледі;
6) 6-7-бағандарда ашық сәулелену көзімен жұмыс істейтін персоналдың 
жалпы саны көрсетіледі;
7) 8-9 бағандарда жабық сәулелену көзімен жұмыс істейтін персоналдың 
жалпы саны көрсетіледі;
8) 10-11-бағандарда генерациялайтын сәулелену көзімен жұмыс істейтін 
персоналдың жалпы саны көрсетіледі;
9) 12-17-бағандарда персоналдың жас ерекшелігі бойынша ең төмен және ең 
жоғары ауқымдағы алған тиімді дозасы мЗв-пен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет