© 2021 Al-Farabi Kazakh National University
ISSN 1563-0269, еISSN 2617-8893 Bulletin of history. №3 (102). 2021 https://bulletin-history.kaznu.kz
151
ҒТАМР 03.20.00
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.15
С.А. Алиева , Г.С. Шамшиева*
М. Тынышпаев атындағы Логистика және
Көлік академиясы, Қазақстан, Алматы қ.
*e-mail: goha_hanum@mail.ru
АНТРОПОЦЕНТРЛІК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Мақалада дала тарихының куәсі болып табылатын қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-
мәтелдердің зерттелуі туралы, дала тарихы мен мәдениетін кешенді қарастыру мақсатында қазақ
халқының ғасырлар бойы жинақталған рухани мұрасы болып табылатын мақал-мәтелдерінің
жинақталып зерттелуіне талдау жасалды. Мақалада халықтың өзімен бірге жасап, екшеліп,
бірден-бірге мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-
мәтелдері тарихи дерек көз ретінде қарастырылған. Мақал мен мәтелдің шығу себебіне назар
аударылып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына, мәдениетіне қатысты айтылған
сөздердің мағынасы ашылған. Қазақ мақал-мәтелдері өте көп және тақырыптары да әр алуан:
отан, еңбек, шаруашылық, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, салт-дәстүр, ерлік, батырлық,
жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал-мәтелді зерттеу барысында олардың бір-бірімен
байланысы мен өзгешелігіне де мән берілді. Сонымен қатар, мақал мен мәтелдің ғасырлар бойы
толығып немесе өзгеріске ұшырап отыратынына да назар аударылды. Жарияланған, сондай-ақ
қолжазба қорлардан мақал-мәтелдер жинақталып, даналық сөздердің қалыптасуына белгілі бір
тарихи кезеңдердегі түрлі оқиғалардың әсері анықталған.
Түйін сөздер: қазақ қоғамы, қазақ халқы, мақал-мәтел, зерттелу барысы, тарих, шаруашылық,
салт-дәстүр.
S.A. Alieva, G.S. Shamshieva*
M. Tynyshpayev Academy of Logistics and Transport, Kazakhstan, Almaty
*e-mail: goha_hanum@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |