С. А. Алиева, Г. С. Шамшиева



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата23.04.2023
өлшемі283,2 Kb.
#85872
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1232-1-2919-1-10-20211011

Қорытынды
Қорыта келгенде мақал мен мәтел – 
халықтың өзімен ғасырлар бойы бірге жасап 


156
Антропоцентрлік мақал-мәтелдердің зерттелу тарихы
келе жатқан, қоғамның, жеке адам өмірінің 
барлық саласына қатысты айтылатын, тарих 
ғылымы үшін маңызды дерек. Мақал-мәтел 
халықтың өмірін, тұрмыс-салтын, тіршілік ету 
сипатын, ғасырлар бойғы кәсібін, өмір сүрген 
ортасын танытып қана қоймай, халықтың әдет-
ғұрпын, мәдениетін, өсу, өркендеу деңгейін де 
көрсететін тарихи дерек көзі. Философия, пси-
хология, мәдениеттану және басқа да ғылым 
салаларын байланыста зерттеген Густав Гу-
ставович Шпет: «Адамның, халықтың, топтың 
«рухани құрылымы» күнделікті өмірде басқа 
да нақты тарихи шындықпен үндесіп және 
басқа да факторлармен байланысып жатады» 
(Шпет, 1996: 143) – деп жазады, яғни жекелеген 
адамдардың тауып айтқан мақал-мәтел, ақыл-
нақыл сөздерінде ру-тайпаның, ұлттың саяси, 
әлеуметтік, рухани-мәдени өмірі, психология-
сы, тарихы көрініс береді. Сондықтан мақал-
мәтелдерді, ақыл-нақыл сөздерді әр қырынан 
алып, жан-жақты зерттеген орынды.
«Қазақ халқы – еңкейгенге басы жерге жет-
кенше иіле алады, шалқайғанға шалқая біледі. 
Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйсінеді, 
еңкейе қалса кең елін көреді, қаз-қатар тұра 
қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына 
сенеді. Сөйлесе Қазыбек бидей шешендігі бар, 
Төле бидей көсемдігі бар, Әйтеке бидей өктемдігі 
бар, айтыса қалса Жамбылдай ақыны бар, даула-
са қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бауыржандай 
өрлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан 
қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар 
ел», – деп М. Қозыбаев айтпақшы әрбір сөйлеген 
сөзі мақал болатын қазақ халқының мақал-
мәтелдерін зерттеу жұмыстары әлі де жалғасын 
табады деп сенеміз.
 Әдебиеттер
Абай Құнанбаев (1977) Шығармалары. ІІ том. Алматы: Ғылым, 312 б.
Адамбаев Б. (1976) Халық даналығы. Алматы: Мектеп, 187 б. 
Ақмұқанова Б. (1950) Сөзбасы / Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы: Ана тілі, 156 б.
Алефиренко Н.Ф. (2018) Фразеология и паремиология. 3-е изд., Москва: Флинта.183 с. 
Әлімбаев М. (1977) Ақ серек те, көк серек: тақпақтар, дастандар, ән-өлеңдер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер. 
Алматы: Жалын. 192 б.
Әлімбаев М. (1999) Нақылдың төркіннамасы. Алматы: Мектеп, 213 б. 
Билер сөзі. (1992) Алматы: Қазақ университеті: 176 б.
Буковская М.В., Вяльцева С.И., Дубянская З.И., Зайцева А.П. (2009) Словарь употребительных английских пословиц. 
Москва: Просвещение. 234 с.
Ғабдуллин М. (1958) Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 143 б.
Даль В.И. (1989) Толковый словарь живого великорусского языка. Москва: «Русский язык». 683 б.
Жуков В.П. (2007). Словарь русских пословиц и поговорок. Москва: Русский язык. 544 с.
Ел аузынан (1985). Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Алматы: Жазушы. 182 б.
Ел қазынасы – ескі сөз. (1994). (В.В. Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері). Алматы: Ғылым. 211 б.
Мақалнама (1970). (Әр елдің мақал-мәтелдерінен және ойшылдарының нақылдарынан). / Аударған М. Әлімбаев. Ал-
маты: Жазушы. 214 б. 
Махат Д. (2019) Мақал-мәтелдер – қазақ тарихының дерек көзі. Алматы: Қ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет