С. А. Алиева, Г. С. Шамшиева



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата23.04.2023
өлшемі283,2 Kb.
#85872
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1232-1-2919-1-10-20211011

Нәтижелер мен талдаулар
Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі Ор-
хон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастала-
ды. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бізге жеткен жазба 
ес керт кіштерде мақал-мәтелдер баршылық. 
Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны 
еңкей тіп, тізеліні бүктірген» (Күлтегін жыры), 
«Өлімнен ұят күшті» (Тоныкөк жыры) деген 
мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Махмұт 
Қашһаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөзді-
гінде: «Ұлық болсаң кішік бол, халық үшін бәлік 
бол», ал «Құтадғу білікте»: «Біліп сөйлеген 
білекке саналар, білімсіз сөз басын жояр» де-
ген мақал- мәтелерді байқауға болады. Бұл 
деректер мақал-мәтелдің шығу тарихы өте ер-
теден басталғанын көрсетеді. Және бір айта 
кетерлігі бұл мақалдардың күні бүгінге дейін 
өзінің өзектілігін жоймауында. Күні бүгінге 
дейін олардың қолданыста болуы ХІІ ғасырдан 
бізге жеткен жазба ескерткіштердің тікелей иесі 
қазақ деген халық болып табылатындығының 
нақты бір куәсі деп есептейміз. Қазақтың мақал-
мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – 
Шоқан Уәлиханов. И.Н. Березин мен Ш.Ш. Уәли- 
ханов мұрағаттарында ХІХ ғасырдың елуінші 
жылдарында ел аузынан жазып алынған екі 
жүзден астам аса мақал-мәтел сақталған. 
Қазақ мақал-мәтелдерін Ә. Диваев, М.-Ж. Кө - 
пеев және орыс ғалымдары А.А. Васильев,
Ф. Плот ников, П.А. Мелиоранский, В.В. Ката-
ринский, В.В. Радлов және тағы басқалар жинап, 
баспаға ұсынды. В.В. Катаринскийдің Орын-
борда 1899 жылы «Памятная книжка Тургай-
ской области...» дейтін кітабында жарияланған 
қазақ мақал-мәтелдерінің жинағын атап өткен 
жөн. Жинақта бір мың бес жүздей мақал-мәтел 
басылған. “Мақал-мәтелдер – халық творчес-
тво сының ең көне түрі. Сонымен қатар олар 
көне заманда туылған күйі қатып-семіп қалған 
емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып 
отырған. Халық тұрмысындағы әрбір елеулі 
кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, 
той-думан болсын, шаруашылыққа байланысты 
жағдайлар, қуаныш-реніш, мұң, азат пен рахат-
ты кездер түрлі айтушылардың өңдеулерінен 
өтіп қалыптасқан, мақалға айналған,” – дейді
Ә. Диваев.
Түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинауда қыруар еңбек сіңірген акаде-
мик В.В. Радлов (1837-1918) қазақ сахарасының 
әрбір сөзі мен жырын, жұмбақтары мен мақал-
мәтелдердің асыл лағыл тасқа балап, ерінбей 
жинап, моншаққа тізген. Мақал-мәтелдерді зерт-
теуде Ә. Диваевтың ролі күшті. Халық арасынан 
жинаған мақал-мәтелдерін ол 1900 жылы жеке 
кітап етіп шығарады. Ал 1905 жылы Тоқболатов 
жинап берген қазақ мақал-мәтелдерінің жиырма 
алтысын “Туркестанские ведомостіге” бастыра-
ды. Ә. Диваев қазақ мақал-мәтелдерінің кезде-
скен барлық нұсқаларын толық қамтып жазуды 
мақсат еткен. Қазақ мақал-мәтелдерін елу топқа 
бөліп қарастырған (аңшылық, отан, әйел туралы, 
жануарлар, аң-құстар, шөптер, туған жер, жанұя 
туралы, ағайын-туыстық туралы, ер-жігіттік ту-
ралы т.б.).
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінде 1914 жылы 
алғаш рет Қазан қаласында, 1923 жылы Мәс-
кеуде «Мың бір мақал», 1927 жылы Ташкентте 
«Қазақ мақалдары» (Құрастырушы А. Диваев), 
1935 жылы Алматыда «Қазақтың мақалдары 
мен мәтелдері» (Ө. Тұрманжанов) басып шы-
ғарды. Алайда, бұл жинақтардың бәрі үстем тап 
мүддесінен туған, халық тілегіне жат мақал-
мәтелдер ретінде (Ақмұқанова, 1950: 12) идеялық 
мазмұны жағынан сынға алынды. Кітапқа 
«Қырағылық туралы», «Қоғамдық, таптық хал-
жайлар» туралы мақалдар бөліп көрсетілді. 1950 
жылы басылып шыққан жинақта (редакциясын 
басқарған Б. Ақмұқанова) мақал-мәтелдерге 
сын көзімен қаралып, әрбір нұсқаның идеялық 
мазмұнына талдау жасалып, мағынасына маңыз 
берілді. Ө. Тұрманжанов (1957 ж.), С. Нұрышев 
(1959 ж.), М. Әлімбаев (1967 ж.), Б. Адамба-
ев құрастырған және басқа да жинақтар жарық 
көрді. Алайда, халық мәдениетінің дамуына 
қосқан зор үлесі, тарихи орны бар қазақ халқы 
ауыз әдебиетінің мақал, мәтел, нақыл сөз, 
жұмбақ, өтірік өлең, жаңылтпаш сияқты күрделі 
жанрлары ғылыми тұрғыдан толық зерттеліп 
болмағаны мәлім. «Мақал дегеніміз заманның 
сұқ қолында мәңгі-бақи жарқырайтын, бес сөзден 
құралған асыл жүзік» (Мақалнама, 1970:3) деген 
екен ағылшын ақыны А. Теннисон. Әдебиетші 
ғалым С.Н. Нұрышев: «мақал-мәтелдер заман 
шындықтарын танытарлық құдірет болуымен 
қатар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты көрсететін 
күші бар. Мақал қилы-қилы құбылыстардың 
мәнін тамаша дәл айтып беретін нақыл сөздер 
жанры» (Нұрышов, 1959а:7) деп жазады. В. Рад-
лов: «Қазақтар суырып салып айтуға ұста, тама-
ша шешендігімен ерекшеленеді» (Ел қазынасы 
– ескі сөз, 1994:8) деп жазады, қазақ халқының 
ақыл-ойы мен рухани дүниесін көрсететін сөз 
өнері туралы. Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп 


154
Антропоцентрлік мақал-мәтелдердің зерттелу тарихы
білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі 
мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның 
тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі 
де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жа-
тыр (Билер сөзі, 1992:3). Қазақ халқының ауыз 
әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі – мақал-
мәтелдер (Қазақтың мақалдары мен мәтелдері, 
1959:3). 
Қазақ мақал-мәтелдері халықтың тіршілі-
гімен, тұрмыс-салтымен тығыз байланыста ай-
тылып, одан тарихы, басып өткен шаруашылық, 
қоғамдық сатыларының ізі байқалады.
Жоғарыда аталған жинақтарда берілген 
түсінік дәрежесіндегі бірен-саран шағын алғы 
сөздерде, жалпы халық ауыз әдебиеті жайын-
да жазылған шолу мақалаларда айтылғаны 
бол маса, қазақ мақал-мәтелдері қырқыншы 
жыл дарға дейін арнайы сөз болып зерттел-
ген емес. Бұл кезеңдерде М. Әуезовтің 1927 
жылғы «Әдебиет тарихында», С. Сейфуллиннің 
«Таңдамалы шығармалар» жинағында мақал-
мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің бір сала-
сы ретіне аталып, топтап мысалдар келтірілген. 
Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді 
ше шендік сөздердің бір саласы ретінде қарас-
тырған. М. Әуезов 1940 жылдардың басын-
да «Қазақ халқының эпосы және фольклоры» 
атты зерттеуінде қазақтың мақалдары мен 
мәтелдерінің тұлғасы өлең түрінде жасалатын, 
мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен 
байланысты болатын екі ерекшелігіне көңіл 
бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын 
мағынасында «Қазақ әдебиетінің тарихында» 
басылған Б. Шалабаевтың «Мақал-мәтел» атты 
ғылыми очеркінен басталады (Алматы, 1948). 
Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді жинау, жа-
риялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары әбден 
қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған дейін, 
көбінесе республикалық газеттер бетінде ғана 
жарияланып келсе, енді «Қызыл ту», «Оңтүстік 
Қазақстан», «Ленин жолы», «Есіл правдасы», 
«Коммунизм жолы» сияқты облыстық газеттер-
де де жиі жарияланды.
Мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп талда-
ғандардың бірі – Мәлік Ғабдуллин. Ол «Қазақ 
ха лық ауыз әдебиеті» (Ғабдуллин,1958:70) 
атты еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін жинап, 
бас ты рушыларды атай кетіп, оның жанрлық 
табиғатын, әдеби-әлеуметтік мәнін анықтайды. 
Н. Төреқұловтың 1957 жылы шыққан «Қанатты 
сөздер» (Әлімбаев, 1977:13) атты жинағына бір-
неше мақал-мәтелдер енген. Соңғы кезеңдерде 
балаларға арналып шығарылған жинақтарда 
мақал-мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға 
боларлықтай. Осындай мол меңгерілген руха-
ни мұра Абайдың болашақ туындылары мен 
шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: 
«Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «не күн 
туды басына», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру 
да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп» 
деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың қара 
сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы» 
қара сөзінде: «Ағайынның азары болса да, безері 
болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын 
кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге 
болады. Ал, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан 
шыққан туралы» атты еңбегінде 10 мақал 
талданған (Абай, 1977: 312). Мақал-мәтелдерде 
бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. «Қызды 
асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған 
құл етеді» деген мақал-мәтелдердің мәнісі – жас 
ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ.
Мақал-мәтелдер халық шығармашылығының 
ежелгі жанры. «Халық арасында нақыл сөздер – 
әр түрлі тақырыптағы ауызша қысқа сөздер қай 
кездерден бастап жүре бастағанын анықтау өте 
қиын. Алғашқы мақал-мәтелдердің пайда болу 
уақыты да белгісіз, бірақ бір нәрсе анық: мақал-
мәтелдер өте ертеде, есте жоқ ежелгі замандарда 
пайда болған және оның бүкіл даму тарихын-
да адамдармен бірге дамып отырды (Жуков, 
2007:12-13).
Орыс тіл білімінде мақал-мәтелдер бойынша 
ғылыми зерттеулер XVII ғасырда пайда бола ба-
стады, бірақ тек XIX ғасырда. В.И. Даль өзінің 
«орыс халқының мақал-мәтелдері» сөздігінің 
кіріспе бөлімінде (Даль, 1989:47) мақал-мәтел-
дердің санына олардың арасында айқын айыр-
машылықтар жасамай-ақ, басқа сөздер мен 
фразеологиялық бірліктерді жатқызды. Мақал-
мәтелдерді фольклордың бір бөлігі ретінде 
зерттеуде П.Г. Богатырев пен P.O. Якобсонның 
«Фольклор шығармашылықтың ерекше форма-
сы ретінде» деген жұмысы маңызды рөл атқарды 
(Буковская, 2009: 26). Орыс ғылыми дәстүрінде 
әлеуметтік-мәдени және сөйлеу құбылысы ре-
тінде мақал-мәтелдерді зерттеуге филолог-
зерттеушілер Ф.И. Буслаев, А.Н. Веселовский, 
В.И. Даль, Г.Л. Пермяков, И.М. Снегирев,
А.А. Потебня және т. б. елеулі үлес қосты.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың ба-
сында мақал-мәтелдерді жіктеудің алғашқы 
әрекеттері жасалды, тақырыптық басылымдар 
пайда болды, олардың авторлары паремияларды 
ұқсас бірліктер шеңберінен ажыратуға тырыса-
ды (И.М. Снегирев, Ф.И. Буслаев). Фольклорлық 
жанрға ғана емес, тілдің бірлігі ретінде мақалға 
деген қызығушылықтың өсуі ХХ ғасырдың 


155
С.А. Алиева, Г.С. Шамшиева
елуінші жылдарының басында пайда бола бас-
тайды.
Паремиология саласы көбінесе Г.Л. Пермя-
ковтың есімімен байланысты (Потебня, 1989: 
24). Ол «шағын фольклорлық жанрларды» жүйе-
леудің мүлдем жаңа принципін ұсынды (По-
тебня, 1989: 201). Г.Л. Пермяков әмбебап та-
нымдық паремиологияның негізін қалады: ол 
жинаған эмпирикалық материалға 200-ден астам 
ұлттың 50 000-ға жуық сөздері кіреді. Г.Л. Пер-
мяковтың еңбектері фольклорлық, әдеби және 
лингвистикалық тәсілдерді біріктіретін қазіргі 
лингвомәдени зерттеулердің негізіне айналды.
Мақал-мәтелдерді жинаушылардың, сондай-
ақ паремиологиялық қордың заманауи зерт-
теу шілерінің еңбектерін талдағаннан кейін
И.М. Сне гирев орыс филологиялық дәстүріндегі 
мақал-мәтелдерді зерттеудің төрт кезеңін шарт-
ты түрде анықтады:
1) синкретикалық (XVII ғасырға дейінгі 
кезең) – паремияның тілдің ерекше бірлігі ре-
тінде қалыптасуы жүреді, онда халықтың мо-
раль дық-адамгершілік, әлеуметтік-ұйым дасты-
рушылық, діни және күнделікті құндылықтары 
жинақталады;
2) ұжымдық (XVII-XIX ғасырдың басы) 
– қолжазба жинақтары құрастырылып, мақал-
мәтелдер жинақтары жариялана бастайды;
3) анықтамалық (XIX ғ. 30-шы жж. – XX ғ.
ортасы) – жинақтардағы мақал-мәтелдерді ти-
поло ги зациялаудың алғашқы әрекеттері, тақы-
рыптық жарияланымдардың пайда болуы, ұқсас 
бірліктер шеңберінен паремияларды бөліп алуға 
ұмтылу;
4) әлеуметтік-мәдени (ХХ ғасырдың ор-
тасы – қазіргі уақытқа дейін) – жалпы және 
тақырыптық жиналыстардың белсенді жария-
лануы, оның ішінде орыс және шет тілдерінен 
тұратын паремиялар; оларды зерттеудің әртүрлі 
тәсілдері; мақал-мәтелдердің мәртебесі ту-
ралы жаңа идеялар: олар тіл бірлігі ретінде 
қарастырылады. Сонымен бірге паремияларды 
олардың этномәдени ерекшелігі тұрғысынан
яғни олардағы халықтың менталитетін көрсету 
тұрғысынан талдау белсенді жүргізілуде.
Мақал-мәтелдерде «халық рухы», оның 
дүниетанымының ерекшеліктері мен құндылық 
басымдықтары, этностың адамгершілік және 
эстетикалық тәжірибесі мен білімі бар. Олардағы 
орталық фигура әрқашан адам өзінің әртүрлі 
көріністерінде әрекет етеді. Көптеген мақал-
мә телдерде адамның іс-әрекетін, оқиғалары 
мен құбылыстарын эмоционалды-экспрессивті 
бағалау бар.
Жоғарыда жазылған мәліметтерді салыстыра 
келе орыс тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелу 
тарихы қазақ тіліне қарағанда ғылыми тұрғыдан 
ертерек басталғанын байқауымызға болады. 
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді зерттеу бары-
сында бірінші кезеңде тек жинақтау мәселесі ба-
сты мақсат болса, орыс тіліндегі мақал-мәтелдер 
бірден сараланып, ғылыми түрде анықтама беріле 
бастаған. Қазақ мақал-мәтелдеріне ХХ ғасырдың 
екінші жартысында ғана жүйелі түрде зерттеліп, 
зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Және 
осы мақал-мәтелдерге зерттеу жұмыстарын 
жүргізу барысында кейбір айырмашылықтар 
мен мұндалап көзге түсетінін айта кету керек. 
Мысалы: орыс тілінде нақты мекен-жайлар ту-
ралы мақал-мәтелдер өте көп, ал қазақ тілінде 
оның барлығы жалпылама «туған жер» де-
ген түсінікпен айтылады. Немесе орыс тілінде 
«мал» деген тақырыптағы мақал-мәтелдерде 
тек қана шошқа, сиыр тақырыбы көп кездессе, 
қазақтарда «мал» тақырыбында төрт түлік ту-
ралы мақал-мәтелдер өте көп. Қазақ халқының 
мақал-мәтелдері көбіне өзіне жақын, өз қажетін 
өтеуге жәрдемі тиетін үй хайуандары, малдар-
дан басталады. Мәселен: «Мал өсірсең қой өсір, 
өнімі оның көл-көсір», «Қой жайын көздесең
құмға көш, сиыр жайын көздесең Сырға көш», 
«Малды жаман баққан, келген бақты қаққан», 
«Қойды жел ұшырса, ешкіні аспанда көр», «Мал 
кедейлігінен ақыл кедейлігі жаман», «Мал аласы 
сыртында, адам аласы ішінде», «Арық атқа жал 
бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман адамға 
мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас», «Қойшы 
көп болса, қой арам өлер», «Жақсының қадірі 
өлгенде білінер, жақсы аттың қадірі мінгенде 
білінер», «Қойың саны мыңға жетсе, керегенің 
басынан бас кетпейді» және басқа да мақал-
мәтелдер қазақ халқының көшпелі тұрмыс 
жағдайына сәйкес айтылған. 
Мұнай өндіру немесе ара шаруашылығымен 
айналысып бал алу жайында мақал-мәтел 
кез деспейді. Алайда, орыс халқының «Бір 
қасық мұнай бір бөшке балды бұзады» деген 
мақалындағы ой, мал шаруашылығымен айна-
лыс қан қазақтар арасында «Бір құмалақ бір 
қарын майды шірітеді» деген мақал-мәтелмен 
сәйкес келеді. Мағыналық тұрғыдан өте ұқсас. 
Тек қана әр халық өзінің өмір сүру салтымен 
түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет