ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ СИПАТЫ
(тақырыбы, өткізу түрі, бағалау критерийлері)
Емтихан тақырыбы
Емтихан тақырыптары бағдарлама негізінде құрастырылған. Мәдениеттану пәні және
оның қоғамда алатын орны, мәдениеттанудың негізгі мәселелері, мәдениеттер
типологиясы, мәдениеттану ғылымы жүйесіндегі мәдениеттанудың статусы және
мәдениет теориялары қамтылған. Оқу курсында келесідей пәндер «мәдениеттану»,
«мәдениеттану қатынастары», «мәдениеттану және құндылық нормалары», «тұлға»,
«мәдениеттанулық орта», «мәдениеттану процестер» және т.б түсініктер қарастырылады.
Емтиханды өткізу түрі
Емтихан мәдениеттану ғылымынан қойылатын үш сұрақ негізінде, емтихан билеттері
бойынша ауызша түрде өткізіледі.
Бағалау крийтерийлері
«өте жақсы» бағасы (10-8 балл) – бағдарламалық материалды толығымен меңгерілуі,
қарастырылып отырған процестер мен құбылыстардың қатынасын түсінуі, пәннің негізгі
ережелерінен мағлұмат, емтихан билетіндегі сұрақтарға және комиссия мүшелерінің
қойған қосымша сұрақтарына дұрыс, толық, логикалық, орынды және нақты жауап беруі.
«жақсы» бағасы (7-6 балл) – бағдарлама сұрақтарына қанағаттанарлық толық жауаптар,
сұрақтардың толық мәні мен мақсатын түсінуі, жауаптары орынды әрі нақты болуы.
«қанағаттанарлық» бағасы (5-4 балл) – бағдарламаның негізгі сұрақтарын толық әрі
нақты түсіну, емтихан алушылардың қойған сұрақтарына қатесіз әрі нақты жауабының
болуы.
«канағаттанарлықсыз» бағасы (3-1 балл) – бірде бір сұраққа дұрыс жауабы жоқ,
жауаптарында қатесі бар, ұсынылған мәселені түсінбеуі, жауаптары нақты емес және
қосымша сұрақтарға жауап бере алмауы.
Бағдарлама мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |