Қабылдау емтиханының бағдарламасы:  Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы»



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата23.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#85913
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6M020400 kaz

 
10 бөлім. Қазақ мәдениеті 
Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениеттегі алатын орны. Қазақстан мәдениеті 
тарихының басты кезеңдері. Қазақ мәдениетінің зерттелу деңгейі және еуроорталықтық, 
империяшыл, арийорталықтық көзқарастарға сын. Қазақ мәдениетінің автохтондығы мен 
гомогендігі. Ұлыдала өркениеттерінің шаруашылық-мәдени типі – қазақ мәдениетінің 
архетипі. Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф-сақ өркениеті. Ежелгі 
сақтардың наным-сенімдері, ментальдық ерекшеліктері және өнері. "Аң стилі" және оның 
қазақ ою-өрнегіндегі көріністері. Анахарсис – скиф философы. Әскери демократия және 
прототүрктердің ел басқару мәдениеті. Әйелдердің сақ қоғамындағы орны. Номадтық 
ұлыстардың Шығыстан Батысқа қарай қоныс аударуы. Көшпелілер тарих 
католизаторлары ретінде. Ғұн, үйсін, қаңлылар – прототүрктік мәдениеттің иелері. 
Прототүрктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы жібек жолы және 
прототүрктер. 
Қазақ халқының қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің 
мемлекеттік кезеңдері. Қазақ хандығының материалды мәдениеті. Қазақ хандығына 550 жыл. 
Жаңа заман көшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының сал-дәстүрлері, әдет-
ғұрыптары, рәміз-рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Эпос әлемі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім-
нанымдары. Дүниетанымдық синкретизм. Қазақтардың дүние туралы түсініктері, тілі, жазуы, 
емшілік тәсілдері, музыкасы. Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері.
Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Отарлау әлде мәдениеттер 
сұхбаты? Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі. Миссионерлік әрекеттер және 
патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зар-заман мәдениеті. Қазақ 
ағартушылығы. Ш.Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері. Дәстүрлі мәдениет пен 
жаңашырлық. Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының тікелей тұлғасы. Абай – қазақтың 
рухани мәдениетінің жеткен шыңы. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары.Ұлттық 
сананың оянуы және ұлт-азаттық серпіліс. Алаш партиясы және оның көсемдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет