Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

Дәріс №14 
 
Тақырыптың аты: МАТЕРИАЛ ТҮРІНІҢ АППАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН 
ОЛАРДЫ ДЯРЛАП ЖАСАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІНЕ ӘСЕРІ. 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жоғары легирленген болаттан жасалынған аппраттардың құрылымдық ерекшеліктері. 
2. Эмальделінген аппараттардың құрылымдық ерекшеліктері. 
3. Түрлі-түсті металдардын жасалынған аппраттардың құрылымдық ерекшеліктері.
4. Пластмассалардан жасалынған аппараттардың құрылымдық ерекшеліктері. 
 
Құрылымдық материалдарды дұрыс таңдау олардың пісіріліп, желімделіп жасалынған 
жекелеген бөлшектері мен түйіндерінің технологиялықтылығы мен жобаланудағы 
аппараттардың немесе машиналардың құрылымына тікелей әсер етеді. Осы құрылымдық 
материалдардың технологиялық қасиеттерінің одан жекелеген бөлшектер мен түйіндерді 
жасаудың тәсіліне таңдау жасауға айтарлықтай деңгейде әсері бар. Мысалы шойыннан 
даярланған бөлшектердің көпшілігі құю әдісі арқылы алынады, ал болаттан жасалынған 
бұйымдар құю әдісі мен қатар кесу, штамповкалау, иіктіру секілді тәсілдермен де 
жасалынады. Осымен қатар жекелеген бөлшектерді біріктіру тәсілдері де құрылымдық 
материалдардың түріне байланысты болады: болат үшін – пісіру; түрлі-түсті металдар үшін – 
дәнекерлеу; пластмасслардан жасалынған бөлшектер үшін – желімдеу. 
1. 
Жоғары легирленген болаттан жасалынған аппраттардың құрылымдық 
ерекшеліктері 
Болаттан жасалынған аппарттың жекелеген элементтерін біріктіріп қосудың негізгі тәсілі - 
пісіру.
Пісірудің әр түрлі тәсілдері бар: 
- термиялық = электронды-сәулелі, плазмалық, лазерный, газовый.
- термомеханический = контактный, прессовый, диффузионды, жоғары жиілікті, пештік.
- механикалық = суық, жарылу арқылы, ультрадыбыстық, магнитті-импульсті. 
Бұдан басқа пісіру автоматты, жартылай автоматты және қолды (ручной) болуы мүмкін.
Пісірудің тәсіліне таңдау жасау металдың пісірудің термомеханикалық циклына қатысты 
болады. Себебі болаттың шектен тыс қызып кеткенде (перегрев стали) оның легирлеуші 
қоспаларының күйуіп кетуі орын алады. Бұл жағдай болаттың химиялық төзімділігі мен 
механикалық беріктілігінің жоғалуына душар етеді. Сондықтан пісірілу арқылы жасалынатын 
аппараттарды құрылымдау кезінде (конструирование сварных аппаратов) жобалаушы 
келесілерді орныдауға тиісті: 
- пісірудің тәсілін таңдап алу; 
- пісірілудің тігісінің типін таңдау; 
- пісірудің тәсілін ескере отырып пішімдік қиындыларды даярлаудың сызбанұсқасын 
таңдау (выбрать схему подготовки кромок с учетом способа сварки); 
- пісірілген тігістің құрылымын жасақтау. 
1) Пісірудің тәсілі пісірілетін бөлімдердің құрылымдық материалдарының түріне, 


олардың геометриялық өлшемдері мен формаларына байланысты таңдалынады. Пісірудің ең 
кең қолданыстағы түрі флюс астында автоматты электродуговая сварка, және де жартылай 
автоматты және қолды дуговая сварка. 
2) Пісірілудің тігісінің типі пісірілетін беттердің өзара жанасуға қатысты жатуларына 
және пісірудің таңдалынып алынған әдісін ескере отырып пісірілінетін жердің қол 
жетмділігіне байланысты. Мысалы 12.1 суретте пісірілінетін бөлшектер тіктеп түйістіру 
арқылы (встык) қосылған, ал олардың пісіріліп қосылған жерлеріндегі қалыңдықтары бірдей 
(тең).
Қазіргі таңда тәжірибелерің барлығы (практика) дәл осы тіктеп түйістіру арқылы пісіру 
пісірілу тігістерінің ең сенімді типі екендігін көрсетті. 
3) Пішімдік қиындыларды даярлау пісірілінетін жапырақтардың (листы) қалыңдықтары 
мен пісірудің әдісіне байланысты. Пішімдік қиындыларды бұрыштық етіп жасау пісірілу 
тігісінің құрылысының түзілуінде электрод металының қатынасуының дәрежесін арттыру 
қажет болғанда қолданылады.
Екі жағынанда пішімдік қиындыларды даярлау пісірілу тігісінің құрылысының түзілуінде 
электрод металының қатынасуының дәрежесін арттыру үшін және де пісірілетін 
жапырақтардың қалыңдықтары 50 мм-ден артық болғанды қолданылады. 
4) Пісірілген тігістің құрылымы пісірудің жақсы сапасын және метал құрылымының
беріктілігімен коррозияға төзімділік қасиеттерінің сақталынуын қамтамасыз етуі керек.
Айта кетуіміз керек пісірудің түйістіруден басқа (встык) тік бұрыштап (втавр) және 
беттестіре түйістіріп пісіру (внахлест) қолданылады. 
Жоғарыда атап өткеніміздей тіпті болаттан жасалынған материалдардың өзі шектен тыс 
қызып кеткенінде (перегрев стали) оның легирлеуші қоспаларының күйуіп кетуі орын алады. 
Ал бұл жағдай болаттың химиялық төзімділігі мен механикалық беріктілігінің жоғалуына 
душар етеді. Сондықтан пісірілу тігістерінің құрамдары мен құрылымын сақтап қалу үшін 
келесі шарттарды ескеру керек: 
- пісірілетін бөлшектердің пісірілінетін жерлерінің қалыңдықтары бірдей бол уы керек; 
- бұл пісірілетін бөлшектердің материалдарының балқу температуралары бірдей, ал ең 
болмаса бір деңгейлес болулары керек;
- пісіру процесінде легирлеуші элементтердің жоғалуларының орнын толықтыру үшін 
электрод материалын немесе флюстің құрамын дұрыс таңдап алу керек; 
- пісірілу тігістерін негізінен кернеу мәндерінің аз болатын жерлерген келтіруге тырысу 
керек; 
- ішкі тігістерді пісіру үшін обечайкалардың минималды диаметрі 600 мм, ал сыртқыға – 
100 мм болуы шарт; 
- пісіріліп біріктірілген бөлшектердің арасында тігіс материалының оңай отыруын 
(усадка материала шва) қамтамасыз ететін аз ғана кемістік болуы керек; 
- тік түйістіруді қолдануға тырысу керек; 
- ендеп кететін тігістер ешбір үзіліссіз жасалынуы керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет