Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру


Пластмассалардын деталдарды алудың негізгі тәсілі



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

Пластмассалардын деталдарды алудың негізгі тәсілі бұл отливка, яғни құйма құю. 
Олардың жылу өткізгіштіктері металдардан қарағанда төмен сондықтан оларды ұзақ уақыт 
суынады және біркелкі емес. Бұл өз ретінде бұйымның біркелкі емес усадкалануына душар 
етеді. 
- қабырғаның қалыңдығының артуы қалдық кернеуліліктің артуына алып келетіндіктен 
бұйымның беріктілігі төмендейді. 
- Қабырғалардың көтеру қабілеттілігін құрылымға қатаңдық қабырғаларын ендіру 
арқылы ғана жасауға болады. 
- Үшкір өткір ұштар болмауы тиіс және бұйымның қабырғалары тегістеліңкіреп плавно 
жіңішкеріу керек. 
- Пластмассадан жасалынған бұйымның беріктілігін армировать ету арқылы ғана 
арттыруға болады. 
- Пластмассадан жасалынған бұйымдарда тесіктерді формовкалау және бұрғылау 
арқылы жасалынуы тиіс. 
Әдебиет: 
Под. ред. А.И.Михайличенко Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ 
«Академкнига», 2005. - 268 – 275 с. 
Дәріс №15 
 
Тақырыптың аты: ХИМИЯЛЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ КӨМЕКШІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
- Сиымдылық аппаратуралар;
- Жылуалмастырғыштар;
- Фильтрлер;
- Центрифугалар;
- Гидроциклондар;
- Шаң-тозаңдардан тазартқыш қондырғылар;
- Ұсақтағыштар мен ұнтақтағыштар;
- Өнеркәсіптік транспорт:
а) Қатты материалдарға арналған транспорттық құралдардың классификациясы; 
б) Сұйықтықтар мен газдарды тасымалдауға арналған машиналар.
Сиымдылық аппаратуралар: вертикальді, горизонтальді және сфералық сыйымдылықтар
жоғары және төменгі қысымды бөлгіштер; сфералық және цилиндрлік резервуарлар; өлшегіштер 
және т.б. 
Негізгі бастапқы мәліметтері: сыйымдылықтың меңзеліну мақсаты; жұмысшы көлем; 
ортаның физика-химиялық қасиеттері; жұмысшы қысым және температура. 
Жылуалмастырғыштар 
меңзелінуі 
бойынша: 
тоңазтқыштар; 
қыздырғыштар; 
буландырғыштар; конденсаторлар; рекуператорлар (бір бағытта құбыр арқылы екі түрлі 


температуралы сұйықтықтарды кезекпен-кезек ағып өтуі арқылы сұйықтықтардың бірнен 
екіншісіне жылудың алмасуы) және регенераторлар (қарама-қарсы ағысты сұйықтықтардың 
бірнен екіншісіне жылудың алмасуы). 
Жылуалмастырғыш аппаратты жобалау және оны таңдап алуға негіз болатын бастапқы 
мәліметтер: аппараттың меңзелінуі; жылутасымалдаушылардың шығыны; аппаратқа кіру жіне 
одан шығу кезіндегі жылутасымалдаушылардың температуралары; жылутасымалдаушылардың 
ағындарының 
физика-химиялық 
қасиеттері; 
жылутасымалдаушылардың 
ағындарының 
қозғалыстарының сызбанұсқасы; ағындарда жоғалтуға рұқсат етілген қысымның шектік мәндері; 
жылуалмасудың есептелінген беті. 
Біртекті емес жүйелер:
а) сұйық (эмульсиялар және суспензиялар);
б) Газды аэрозольдер (шаң-тозаң, тұман, түтін). 
Суспензияларды бөлу үшін фильтрлер, ал эмульсияларды бөлу үшін – центрифугалар 
(поливинилхлорид шайырының суспезиясын, шикі мұнай жүйесін, тұздардың кристалдарымен 
маточный ерітінділерінің қоспалары, шламдар, майлағыштар және өсімдік майларының жүйелері 
және т.с.с.) және сепараторлар, аэрозольдер үшін құрғақ және ылғалды шаң-тозаң тазалағыш 
аппараттары және электрофильтрлер қолднылады. 
Фильтрді жобалау және оны таңдап алуға негіз болатын бастапқы мәліметтер:
- Суспензияның сипаттамасы (физика-химиялық қаситеттері, концентрация, қатты фазаның 
тығыздығы және ірілігі, сұйық фазаның қасиеттері, түзілетін тұнбаның сипаты және т.б.); 
- Жұмыс істеу шарты (үздіксіз немесе периодты процес); 
- Жұмысшы температура және қысым
- Тұнбаның қасиеттері және қалыңдығы; 
- Жарулы қауіптілігі бар және токсинді заттарды өңдеу мүмкіндігі бойынша аппаратты орындап 
шығудың категориясы; 
- Құрылымдық материал және фильтрлеуші бөлгіш қабырғаның материалы; 
- Автоматтандырылуының немесе механизацияландырылуының дәрежесі және т.б.
Центрифугалардың екі типі болады: тұндырғыш және фильтрлеуші. 
Гидроциклондар – бұл сұйық жүйелердің бөлінуі сұйықтықтардың иірімделінген құйынды 
ағындарындағы ортаға тартқыш күштердің әсері арқылы жүзеге асырылатын аппараттар.
Меңзелінуі бойынша гидроциклондар: классификаторлар, қоюландырғыштар және 
бөлгіштер болып тармақталынады. 
Гидроциклондардың тиімділігі келесі факторларға байланысты: 
- Конустың диаметрі (диаметр ұлғайған сайын өнімділік көрсеткіші артады, бірақ жұмыстың 
сапалық көрсеткіштері төмендейді ); 
- Қоректендіргіш, төгіп шығарып тастау және жүктемені алып тастау патрубкалардың 
диаметрлері; 
- Эмульсия мен суспензиялардың сипаттамалары; 
- Кіре берістегі қысым;
- Бастапқы өнімдегі қатты фазаның бөлшектерінің өлшемдері және концентрациялары; 
- Қатты және сұйық фазалардың тығыздықтарының айырымдары және т.б.; 
- Процестің режимдік параметрлері. 
Шаң-тозаңдардан тазартқыш қондырғылар. Бөлшектерді тұндырып бөліп алуды тәсілдері: 
гравитациялық, электрлік (0,005 мкм) және ортаға тартқыш өрісте; түтікті қабырғалар арқылы 
шаң-тозаңданған газдарды фильтрлеу; бөлшектерді сұйықтықпен ұстап алу (ылғалды тазалау), 
абсорбция. 
Шаң-тозаңдарды тазарту аппараттарының типтерін таңдап алу кезінде келесі факторларды 
ескерген жөн: 
- Тозаңның жарылуға қатысты қауіптілігі және агрессивтілігі; 
- Тозаңның бөлшектерінің өлшемдері; 
- Тозаңның концентрациясы; 
- Атмосфералық ауаға санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қойылатын шарттар немесе 
технологиялық қондырғының жұмыс істеу шарттарымен анықталынатын бөлшектерден тазартып 
алудың қажетті дәрежесі; 
- Газдың температурасы, ылғалдылығы, жылдамдығы; 
- Газдарда ылғалдың және агрессивті құрамдас заттардың бар болуы. Олардың мөлшері және 


температура;
- Аппараттың көлемі және ағынның жылдамдығы; 
- шаң-тозаңды ұстап алғыштың мүмкіндіктері мен басымдылықтарын ескеру; 
Гидравликалық қасарысу және автоматтандырудың мүмкіндіктері.
Ұсақтағыштар мен ұнтақтағыштар. Ұсақтаудың негізіне 4 әдісі бар: жанышу, жару, 
сипалақтап-жағу және соққы. 
Ұнтақтаудың кластары 
Ұнтақтаудың 
класы 
Ұсақтағыштар 
мен 
ұнтақтағыштар 
Кесектердің өлшемдері, мм 
Бастапқы 
Алынған 
Ұсақтау: 
ірі 
Щековый, конусты, 
тісті валкалы
1000 
250 
орташа 
250 
20 
ұсақ 
20 
1-5 
Ұнтақтау: 
дөрекі 
1-5 
0,1 -0,04 
орташа 
0,1 – 0,04 
0,015 – 0,005 
жұқа 
Барабанды шаровый 
және стерженді 
диірментдер 
0,1 – 0,04 
0,005 – 0,001 
коллойдты 
≤ 0,1 
≤ 0,001 
Ұсақтаудың сызбанұсқасын таңдап алу кезінде келесі факторларды ескерген жөн: 

Ұсақталынатын материалдың физика-химиялық қасиеттері (қаттылығы, нәзіктілігі, 
жабысқақтылығы, сусылдақтылығы және т.б.); 
- Бастапқы материалдың бөлшектерінің өлшемдері; 
- Ұсақталыну дәрежесі
- Ұсақтағыш қондырғының пайдалы көлемінің қоланылу дәрежесі; 
- Ұсынылатын ұсақтағыштардың қуаттылығы туралы мәліметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет