Металл емес конструкциялық материалдар Фторопласт(тефлон) — элементы конструкций из фторсодержащих полимеров обладают высокой
стойкостью практически во всех агрессивных средах в широком интервале температур.
Химиялық машина жасауда металл емес конструкциялық материалдарды қолдану қымбат, бағалы
және тапшы металдарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Фторпласт (тефлон) — фторқұрамды полимерлерден жасалған контрукциялардың элементтері
температуралардың кең аралығында барлық дерлік агресивті орталарда жоғары төзімділікке ие болады.
Көмірграфитті материалдар — фенолформальдегид шайырын сіңірген графит немесе
графитпласт, яғни графитті толтырғышы бар фенолформальдегид шайыры негізіндегі престелген
пластмасса. Қышқылды және сілтілі орталарды жоғары коррозиялық беріктілікке ие болады.
Шыны және эмальдер. Шыны аса таза заттардың өндірісінде конструкциялық материал ретінде
қолданылады. Эмальдер —
металмен жақсы адгезияға ие арнайы силикатты шынылар. Өнеркәсіпте 0,6
МПа-ға дейінгі қысымда —15-тен +250°С-қа дейінгі
температуралардың кең аралығында жұмыс істейтін
эмальданған шойын және болат аппараттар шығарылады.
Керамика —
выпускается кислотоупорный кирпич для футеровки химического оборудования,
крупноблочная керамика для аппаратов башенного типа, например, в производстве серной кислоты.
Керамикалық материалдар сілтілік орталардан басқа көптеген агрессиялық орталарға жоғары
тұрақтылыққа ие болады. Қышқылға төзімді керамикадан жасалған құбырлар күкірт және тұз
қышқылдарын тасымалдау үшін кең қолданылады.
Фарфор —
балқытқыш қышқылдан басқа барлық қышқылдарға жоғары төзімділікке ие.
Сілтілердің әсеріне тұрақтылығы толық емес. Фарфорды конструкциялық материал ретінде өнімнің
тазалығына жоғары талап қойылатын өндірістерде қолданады.
Винипласт — азот және олеумнен басқа барлық дерлік қышқыл, сілті және ерітінділерде
жоғары тұрақтылыққа ие болатын термапластикалы масса. Винипласттан жасалған бөлшектер 0–40°С
температуралар аралығында және 0,6 МПа қысымға дейін сенімді жұмыс істейді.
Асбовинил — -50°С-тен +110°С-ке дейінгі температуралар аралығындақышқылдар мен
сілтілердің көпшілігінің әсеріне тұрақты қышқылға төзімді асбест пен лактың композициясы.
Полиэтилен, полипропилен— минералды қышқылдар мен сілтілердің әсеріне келесі шарттарда
тұрақты термапластикалы материалдар:
— полиэтилен — -60-тан +60 °С-ке дейін температура, 1 Мпа-ге дейін қысым;
— полипропилен — -10-нан +100 °С-ке дейін температура, 0,07 Мпа-ге дейін қысым.
Фаолит — асбест, графит, кварцты құм толтырғыштары бар қышқылға төзімді пластмасса.
140°С-ке дейін температурада және 0,06 МПа-ге дейінгі қысымда қолданылады. Фаолит көптеген
қышқылдардың, соның ішінде күкірт (50%-ға дейінгі концентрацияда), тұз (барлық концентрация),
сірке, құмырсқа (50%-ға дейінгі), фосфор қышқылдарының, сонымен қатар бензолдың әсеріне төзімді,
бірақ сілті мен тотықтырғыштардың ерітінділерінде тұрақсыз.
Текстолит — механикалық беріктілігі жағынан фаолиттен басым және агресивті орталарға,
соның ішінде күкірт (30%-ға дейін концентрациясында), тұз (20%-ға дейін), фосфор (25%-ға дейін),
сірке (барлық концентрацияларында) қышқылдарына жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Текстолитті
қолданудың жоғарғы температуралық шегі 80 °С.
Дымқылданған графит — таскөмірлі шайырды қыздырып және байланыстыратын,
фенолформальдегид, кремнийорганикалық, эпоксидті және т.б., шайырларды сіңіргеннен кейін
алынған графит.
Дымқылданған графиттің жақсы жылуөткізгіштігі себебінен оны жылу алмастырғыштар мен
құбыр арматурасын жасауға кең қолданады. Дымқылданған графит көптеген химиялық активті
орталарда, соның ішінде азот (төмен конц.), балқытқыш (40%-ға дейін), күкірт (50 %-ға дейін), тұз,
сірке, құмырсқа, фосфор қышқылдарында тұрақты. Дымқылданған графиттің кейбір сорттары
сілтілердің әсеріне төзімді.
Ыстыққа және қышқылға төзімді бетон – күкіртқышқылды өндірістің мұнаралық
жабдықтарының астын бетондау үшін, жабдықтың астына іргетас қалау үшін қолданылады. 900—
1200 °С аралығында сенімді жұмыс істейді. Кейінгі кезде концентрленген қышқылдардың, сілтілердің,
бензол, толуол және фторқұрамды орталардың әсеріне жоғары тұрақты органикалық шайырлардың
негізіндегі полимербетондар қолданылуын тапты.
Табиғи силикатты материалдар: диабаз, базальт, асбест, хризотил, андезит жоғары қышқылға
төзімділікке ие, тек хризотил ғана қышқылдарда тұрақсыз болғанымен, сілтілердің әсеріне төзімді.
Осы материалдардың барлығы жақсы физика-механикалық қасиеттерге ие және конструкциялық,
жылуизоляциялық
және
футердейтін
материалдар ретінде кең қолданылады.